» » Бруцеллездің алдын алу

Бруцеллездің алдын алу

Бруцеллез – еңбекке деген қабілетті ұзақ уақытқа дейін жоғалтатын аса қауіпті ауру. Бруцеллез ауруы, жануар мен адамға ортақ жұқпалы дерттердің бірі. Ауруын тудырушы микробтар тобын бруцелла деп атайды.
Бруцеллезбен барлық ауыл шаруашылық малдары, соның ішінде, әсіресе қой, ешкі, ірі қара және шошқа түліктері көбірек ауырады. Бруцелла бактериясы суда – 3 айға дейін, мұз болып қатқан етте 10 айдан қөп, сүтте 10- 30 күн, топырақта 1,5-6 ай, брынза, май, сыр, айран өнімдерінде 10-3-4 ай, етте-12-47 күн, тұздалған теріде 2 ай, жүнде 2-3 ай сақталады. Бруцеллез қоздырғыштары ауру малдың етінен де, сүт өнімдерінен де жұға береді. Сондықтан сүтті тек қайнатылғаннан кейін ғана пайдалану қажет, шикі немесе шала піскен етті жеудің қатерлі екенін естен шығармау керек.Ауру сырқаттың барлық мүшесіне зиянын тигізеді. Атап айтсақ, буындардың, жүрек қан тамырларының, демалу және ас қорыту жүйелерінің, зәр шығару органдарының, орталық жүйке жүйесінің, лимфа түіндерінің, көк бауырдың жұмысын нашарлатады, көз бен құлақтың көру және есту қабілеті төмендейді. Егер толық ем қабылдамаса, адамның мүгедек болып қалуы ықтимал.Бруцеллез аурудың негізгі белгілері мыналар: дене қызуының ұзақ уақыт көтерілуі, қалтырап тоңу, бастың ауыруы, әлсіреу, дененің түршігуі және қатты терлеу, әсіресе түнге қарай, бірнеше аптадан соң буыңдар ісініп ауыра бастайды. Егерде де осы айтылған белгілер сізді мазаласа дәрігерлік көмекке жүгінгені дұрыс.Бруцеллез ауруының ең қатерлі, көп тарайтын мезгілі көктемгі мал төлдету мен қой қырқу кезені. Осы науқандар кезінде әсіресе сақтық шараларын қатаң орындап, мал шаруашылығына араласатын адамдарды арнаулы киімдер мен резина қолғап, етік және тағы басқа керекті жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Жұмыстан кейін қолды бірнеше рет сабындап жуу, түсік түскен жерді арнаулы дәрімен дезинфекциялау, қолдағы ұсақ жарақаттарды уақытында емдеп, қолға резина қолғап киіп жұмыс істеу-осының бәрі адамның жеке басының бруцеллез ауруынан сақтану шаралары болып табылады. Бруцеллез ауруын бір жола жою және бұл ауруға қарсы күрес шараларының нәтижелі болуы әрбір адамның сақтану шараларын мұқият жүргізуіне белсене қатысуына байланысты.
13 ақпан 2020 ж. 933 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031