» » ТЫРЫСҚАҚ-ҚАУІПТІ АУРУ

ТЫРЫСҚАҚ-ҚАУІПТІ АУРУ

    
Тырысқақ-аса қауіпті, адамдар арасында тез тарайтын ішек инфекциясы. Халықаралық медициналық- санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады. Жұқпа таралуының жалғыз көзі-ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлінетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы-ауыз-нәжістік деп аталады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады. Тырысқақтың жасырын мерзімі –бір күннен бес күнге дейін. Ауру аяқ астынан дене қызуы көтерілуінсіз басталады. Алғаш белгілері-іштің күшенбей және ауырмай қайнатылған күріш суы түрінде өтуі, көп мөлшерде құсу. Осы белгілердің салдарынан адам ағзасы тез арада сусызданады. Егер уақытылы медициналық көмек көрсетілмесе, науқас өліп кетуі де мүмкін.
   Жыл басынан, бір ай ішінде тырысқақ ауруымен 5 адам, қалған 5 жағдай 2017 жылдың қазан-қараша айларында тіркелген. Барлық тырысқақ ауруының тіркелген жағдайлары Үндістаннан әкелінгені анықталды.
  Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген. Ол үшін:
  • Тамақ дайындар және тамақтанар алдында қолыңызды мұхият жуыңыз
  • Ішуге, жеміс-жидектерді, ыдыс-аяқты жуғанда тек қайнаған немесе құбыр суын қолданыңыз
  • Термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңыз. Шикі теңіз өнімдерін пайдаланбаңыз.
  • Алдын ала дайындалған тамақты жақсылап ысытыңыз.
  • Пастерленбеген сүтті ішер алдында қайнатыңыз.
  • Егер сізде диарея болса, әсіресе, ауыр түрі, немесе жиі құссаңыз, шұғыл арада медициналық көмекке жүгініңіз.
Әрбір адам жеке бас гигиенасын қатаң сақтау арқылы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін көмегін тигізері сөзсіз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық даналығын басты назарда ұстағанымыз жөн.
Ж.ӘЛИХАНОВА,
Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің бактериолог дәрігері
31 мамыр 2018 ж. 2 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031