» » Қазақстандық дәрігер Ресейде жоғары мамандандырылған операциялар жасады

Қазақстандық дәрігер Ресейде жоғары мамандандырылған операциялар жасады

Қазақстандық дәрігер Ресейде жоғары мамандандырылған операциялар жасады
«UMC» корпоративтік қорының Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығының Интервенциялық рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Виктор Землянский Ресейге барып, қолқа аневризмасын қалпына келтірудің кіші инвазивті әдістерін қолдана отырып, оталар жасап қайтты.
Бұл туралы «UMC» КҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Операциялар Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университетіннің және Қазан федералдық университетінің клиникаларында жасалды.
Рентгенхирургтердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қолқаның ішперделік бөлімінің аневризмасы диагнозы қойылған 6 пациентке ота сәтті жасалды. Бұл аневризманың жарылып кетуінің алдып алып, науқастарға қалыпты өмір салтына оралуға мүмкіндік берді.
Доктор В. Землянскийдің айтуынша, қолқа аневризмасы – қауіпті дерт. Ол қандай да бір патологияның салдарынан қолқа қабырғаларының созылып немесе жіңішкеріп кетуінен пайда болады. Қолқа аневризмасы - өлімге әкеп соғуы мүмкін барынша қатерлі аурудың бірі. Оған шалдыққан науқас көп уақыт өзінің ауру екенін де сезбейді. Қолқа - адам ағзасындағы ең ірі тамыр. Онда пайда болған үлкен аневризма жарылып кеткен жағдайда науқас санаулы минуттардың ішінде қайтыс боп кетеді немесе қатты қан ағуы салдарынан ауыр жағдайға душар болады.
«UMC» корпоративтік қорының Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында қолқаның түрлі бөлімдерін кіші инвазивті жолмен эндотротездеу оталарын жасауда үлкен тәжірибе бар. В.Землянский тамырішілік заманауи құрал - «стенд-графтты» пайдаланып, қолқаға 300-ден астам кіші инвазивті операция жасаған.
Айта кететін жайт, Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында аталған жоғары мамандандырылған емдеу әдісі еліміздің барлық азаматтары үшін қолжетімді. Ол мемлекет бюджеті есебінен тегін жасалады, сонымен қатар ақылы медициналық қызмет көрсету аясында көрсетіледі.
11 сәуір 2018 ж. 1 128 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 09:03
Priligy Pt Shipped Ups Bentyl 20mg Medication buy 10 mg levitra online Gasex Singulair Cena Cephalexin Strep Dosage

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031