» » Сарып ауруының алдын алу

Сарып ауруының алдын алу


Сарып (бруцеллез) – адамдар мен жануарлардың созылмалы, өткір инфекциялық-аллергиялық ауруы. Ол өкпенің қабынуы, лимфа түйіндерінің, жүйке жүйесінің және тірек-қимыл аппаратының зақымдалуымен сипатталады, барлық жерде таралған зоонозды ауру. Инкубациялық кезең бір аптадан бірнеше айға дейін созылады. Бұл аурудың әсерінен барлық жануарлар да сал аурына шалдығуы, буаз малдар іш тастауы мүмкін.
Бруцеллез ауруының қоздырғыштары бруцелла бактериясы, олар төмен температураға және мұздатуға төзімді, суда 5 ай, топырақта 3 ай, тұздалған теріде 2 ай, жүнде 3-4 ай сақталады. Сүтті қайнатып, пастерлеп дезинфекциялаған кезде ғана бірнеше минуттан соң жойылады. Адам ағзасына бруцелла ас қорыту және тыныс алу жолымен, сондай-ақ зақымдалған тері арқылы және малмен таралады.
Адамдар бруцеллезді мынадай жағдайда жұқтыруы мүмкін:
1. Ауру малды сою кезінде;
2. Шикі және шала пісірілген ет және сүт өнімдерін пайдалану кезінде;
3. Жүн-тері өңдеу кезінде;
4. Ауру малды күтіп-ұстау (соның ішінде төлдеу кезінде).
Бруцеллез ауруының белгілері:
1. Температураның көтерілуі;
2. Адамның терлеуі;
3. Буын бұлшық еттерінің ауруы;
4. Әлсіздік,тәбеттің және салмақтың жоғалуы.
Негізгі алдын алу шаралары:
1. Жануарлар күтіміне байланысты барлық жұмыстарды, әсіресе төлдеу науқанында арнайы қорғаныш киімдерін (арнайы киім, аяқ киім, қолғап) киіп жүргізу, бруцеллез ауруының алдын алу және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;
2. Балаларды, жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді аралас­тырмау қажет;
3. Иелігіндегі ауылшаруашылық жануарларының қанын жос­парлы түрде зертханалық тексеруден өткізу;
4. Ветеринариялық анықтамасыз сүт және сүт өнімдерін бейберекет сауда орындарынан сатып алмау керек.
Кез келген ауруды алдын ала жеңуге болады.

Г.Сәдібекова,
ҚР АШМ ВБжҚК-нің Қармақшы аудандық аумақтық
инспекциясының бас маманы.

26 ақпан 2019 ж. 3 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728