» » ҚАУІП САҚТАНҒАНДА СЕЙІЛЕДІ

ҚАУІП САҚТАНҒАНДА СЕЙІЛЕДІ

Қырым Конго Геморрагиялық қызбасы- бұл вирустан туындайтын ауыр жұқпалы ауру. Табиғи ортада бұл вирус кенелердің және әртүрлі жабайы жануарлардың (қояндар, ұсақ кеміргіштер, кірпілер) және үй жануарларының (ешкілер, қойлар, сиырлар, жылқылар және т.б.) ағзасында болады. Адамның оны жұқтыруы ауру кенемен (шағуы немесе жаншылған кенемен жанасу), жануарларды сою кезінде оның қанымен немесе басқа да сұйықтықтармен жанасу болғаннан кейін болуы мүмкін.
Аурудың басталуы кез келген вирустық инфекцияда болатын қарапайым белгілермен сипатталады- температура, бас ауруы, буынның, белдің ауруы. Ауру одан әрі дамыған жағдайда әртүрлі жерлерден қан кете бастайды (мұрыннан, қызыл иектен, ине салған жерлерден), тері бөрітпелері және қан құйылу пайда болады. Жұқтырудың аса қаупіне жануарларды күтіп бағумен, сондай-ақ эндемиялық аумақтарда мал союмен немесе қақтаумен байланысты қызметтің (шопан, малшы, сақманшы, ветеринар қызметкерлері) түрлерімен айналысатын адамдар, қанмен және ағзаның басқа да биологиялық сұйықтықтарымен қорғалмаған жанасуда болатын медициналық қызметкерлер шалдығады.
Аудан бойынша жыл басынан бері 33 «кене шағу» жағдайы тіркеліп, медициналық көмек көрсетілген. Оның ішінде 11-і балалардың үлесінде. Тіркелген 33 кене шағу жағдайымен медициналық көмекке жүгінгендерден сұрау жұмыстары жүргізілгенде, үйлерінде мал асыраумен, мал жайғаумен айналысатындығы, малдардың үстінде кене көптеп кездесетіндігі анықталып отыр. Аурудың алдын алу және болдырмау үшін мыналарды есте сақтағаныңыз жөн:
-Конго Қырым Геморрагиялық қызбасын жұқтырмау үшін сізге:кенелермен жанасудан сақтану;
-жануарлардың қанымен жанасудан сақтану;
-науқас адаммен тікелей жанасуда болмау қажет.
Конго Қырым Геморрагиялық қызбасы табиғи ошақтарындағы адамдарға кенелердің шабуылынан жеке қорғану үшін арнайы киім кию ұсынылады: қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу және резеңкелі (тығыздап) манжетті жеңі бар көйлек кию керек. Дененің ашық жеріне және киімге кенелерді қорқытатын немесе өлтіретін құралдарды қолдану керек. Киімге, сондай-ақ өзіңе жабысқан кенені анықтау үшін тексеру қажет. Өзіңіздің өзіндік қолыңыз жетпейтін жерлерді (бастың шаш бөлігін, мойынның артқы жағын) басқа біреудің қарауын өтініңіз.
Кенелерді жою бойынша жануарларға шаралар қолданыңыз:
Ветеринарлық – шаруашылық кешендік шараларға ең алдымен малдарға, мал қораларға және басқа жайларға кенеге қарсы өңдеу жүргізу кіреді. Жануарларды қырқу алдында малдарға кенеге қарсы өңдеу жүргізу қажет. Малдағы кенелерді жоюға осы мақсатпен ветеринарияда рұқсат етілген акарицидтік құралдар қолданады. Денедегі кенені қысқаштың көмегімен алып тастаңыз. Кене шағу жағдайы болған жағдайда міндетті түрде шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз.
Аудан бойынша 2018 жылдың тамыз айының 18 жұлдызынан бастап кенеге қарсы күзгі залалсыздандыру, өңдеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлай отыра, аудан тұрғындарынан қораларына, аулаларына механикалық тазалық жұмыстарын жүргізуді сұраймыз. Тазалық жұмыстарын жүргізбеген жағдайда кенеге қарсы улау жұмыстарының тиімсіз болатынын ескертеміз.
Б.Еркебаева,
аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы
эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің
бас маманы.
11 тамыз 2018 ж. 1 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031