» » Абайлаңыздар-кене!!!

Абайлаңыздар-кене!!!

Көктем шығып,күн жылынып, күн сәулесiнiң қуаты артқан сайын табиғат ұйқысынан оянуымен қатар қоршаған ортада әр түрлі жұқпалы ауруларды тарататын қыстан шыққан зиянкестерге де қолайлы жағдай туып, белсенділігі арта түседі. Солардың бірі-кене.Кененің шағуы арқылы берілетін жұқпалы аурулар басым жағдайда жыл мезгілінің көктем-жаз айларына тиесілі.
Кене адамға көптеген аурулар таратады,солардың қатарына Конго Қырым геморрагиялық қызбасын жатқызуға болады.Қонго Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі тасымалдаушысы иксод кенелері.Сондықтан адамдар арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы кенелердің белсенділігі артқан кезде жиі кездеседі.Кенелердің көптеп кездесу кезеңі көктем және жаз айлары,нақтырақ айтқанда –сәуір,мамыр,маусым айлары.
Жалпы кенелер далалық жерлерде,бұталы өсімдіктердің басында,құмдағы мал жайылымдарында,мал қораларда,малдарда болады. Егер адам осы жерлерден өтетін болса,кене тез арада адамның үстіне түседі.
Кене шаққанда өзінің сілекейімен арнайы фермент бөледі,сол себепті көпшілік жағдайда кененің шаққаны білінбейді.Кенелер шағу кезінде сілекей бездері арқылы адамның қанына вирус еңгізеді. Бұл өте қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы секілді ауруға душар етеді. Денедегі кенені жалаңаш қолмен алуға,езуге,малдың жүнін қырыққанда қолғапсыз жұмыс жасауға тыйым салынады. Себебі,вирус адам денесіне қан арқылы еніп,ауруға шалдықтырады.
Тоғайлы жерлерге барар алдында кенені денеге жолатпас үшін міндетті түрде арнаулы киім кию керек,немесе ашық түсті кененің жабысқанын көрілетін жақсы қорғалған киім,аяқ киім,бас киіммен қамтылғаныңыз жөн болар. Дененің ашық жеріне кенелерді қорқытатын репеленттер (спирттік зат,одеколон) құралдарын қолдану керек. Негізі адам әрбір 2-3 сағат сайын киімдерді,желке мен құлақтың тұсын,қолтық пен шаптың маңайын мұқият қараған дұрыс. Табиғатқа демалуға немесе жұмысқа барғанда шөбі қалың емес,бұтасы аз,күннің көзі көп түсетін ашық жерлерге орналасқан дұрыс. Кененің адамдарға ең көп шабатын уақыты таңғы сағат 8-ден 11-ге дейін және кешкі сағат 17.00 пен 20.00-дің аралығы. Күн ыстықта сағат 11-ден 17-ге дейін олардың белсенділігі төмендей бастайды.
Кене шағып алғанда не істеу керек? Бірінші кезекте жәндікті денеден алып тастау қажет. Егер жақын жерде медбөлімше болмаса, кенені өзіңіз алып көріңіз. Кенені абайлап, бұрап алу қажет. Шағып алған жерге май немесе вазелин жағудың қажеті жоқ, мұндай ем-дом керісінше кедергі келтіреді. Әсілінде кенені алатын арнайы құрылғыңыз болғаны жақсы, болмаса паразитті жіптен жасалған ілмекпен, не саусақтарыңызбен алған жөн. Ең бастысы – кенені тұмсығына жақын ұстаңыз, оны баспаңыз және жұлып алуға тырыспаңыз, әйтпесе тұмсығы теріге жабысып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда қысқыш пайдалану ұсынылмайды.Кененің орнын йод ерітіндісімен немесе спиртпен залалсыздандыру керек. Кене шаққаннан кейін дереу дәрігерге тексерілген дұрыс. Себебі шаққан кене залалды болып табылуы мумкін.
Аурудың белгілері: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы аяқ астынан тез басталады. Басталуы кез келген вирустық инфекцияда болатын белгілермен сипатталады-дене қызуының күрт көтерілуі,бас ауруы,тамаққа тәбетінің болмауы,буын мен белдің сырқырау. Келесі күні лоқсуы,құсуы,іші өтуі,беті ісініп,қызаруы мүмкін. Ауру одан әрі дамыған жағдайда науқастың мұрнынан,қызыл иегінен,ине салған жерлерінен,ішектен,тағы басқа жерлерден қан кете бастайды,тері бөртпелері және тері астына қан құйылу арқылы көкала дақтар пайда болады. Осының салдарынан науқастың жағдайы нашарлап,әлсірейді,жүректің соғуы жиілейді. Аурудың бірінші белгілері пайда болған жағдайда өлім-жітімді болдырмау үшін емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек. Қазіргі уақытта ҚҚГҚ ауруын емдеу әдістері тиімді нәтиже беруде. Сондықтан,егер Сізді кене шағып алған болса,міндетті түрде тұрғылықты жер бойынша емдеу мекемесіне көмекке жүгініңіз. Медицина қызметкерлері Сізге 14 күн бойы бақылау жүргізеді.
ҚР ДСМ ҚДСК «ҰСО»ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының жылдық жоспарына байланысты энтомологиялық жұмыстар атқарылады.Бекітілген 29 елді мекеннен жоспар бойынша 2017 жылы-3156 дана кене жиналып. «ҰСО» АҚЖА бактериологиялық зертханасына жолданып,зерттелді.Оның 121 данасы Конго Қырым геморрагиялық безгегі ауруына оң нәтиже берді.
Қазіргі таңда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу бағытындағы өңдеу және дезинсекциялау жұмыстары ерте көктемде және күзде кенеге қарсы жүргізілуде. Қармақшы ауданы бойынша 2017 жылы қолайсыз елді мекендер саны 12 болды Жосалы кенті,Көмекбаев ауылы -және осы ауылға қарасты малжайылымдар:«Бортөбе», «Тектірмас», «Қарашбай»,Қуаңдария,Ақжар ауылына және Таңшапағы бекеті,Қызылтам,Абыла және Анакөл,Алдашбай ахун,ІІІ-интернационал,Ақтөбе, Төребай би ауылдары). Ал қазіргі таңда қолайсыз елді мекендер саны -17 елді мекенді құрап отыр,олар Жосалы кенті,Көмекбаев ауылы,осы Көмекбаев ауылына қарасты:«Бортөбе», «Тектірмас», «Қарашбай» жайылымдары,Қуаңдария,Алдашбай ахун,Тұрмағанбет,Ақжар,Таңшапағы,Ақтөбе,ІІІ-интернационал,Төребай би,Қызылтам,Абыла,Ақай,Диірментөбе,Қорқыт және Кемесалған бекетімен Кекірелі ауылдары.
Салыстыра отырып қауіпті ауру таратушы кенелердің жылдан жылға көбейіп бара жатқанын байқауға болады жәнеде сақтық шараларын күшейткеніңіз абзал болатындығын тағыда ескертеміз.Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының эпидемиологиялық жағдайы жылдан жылға күрделенуде. Жылдан жылға кенелердің мекендейтін ареалы кеңейіп келеді. ҚҚГҚ ауруы бойынша эпидемиологиялық аймақта жоқ дегенде бір науқас немесе вирус тасымалдаушы кене тіркелген кезде бүкіл елді мекен эндемиялық ошақ болып саналады жәнеде 3 жыл қатарынан бақылауда болады. ҰСО мамандары табиғи ошақтарда орналасқан елді мекендер аумағында кенелердің сан белсенділігін төмендету мақсатында 300 метр төңірегінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын «дельтометрин» улы препаратымен жәнеде арнайы автокөлікпен шашу арқылы жүргізсе,ал мердігер «Дезо Сервис» мекемесі ошақта ауылдың мал қораларын «Креолин» және «ЦИПЭК» 25% ертіндісімен дезинсекциялық шараларды атқарды.
Қорыта айтқанда,өте күрделі мәселеге айналып бара жатқан кене шағу жағдайы адамға қорқыныш ұялатады.
Мамыр айында басталатын залалсыздандыру жұмыстарының тиімді әрі сапалы өтуі ол өзіміздің және жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін маңызды шара,сол себепті залалсыздандыру жұмыстары басталмай тұрып мал қораларымыздағы жылдаған көңді,қи мен сақты шығарып тазалау қажет.Кенеге қарсы себілген ертінділер жерге сіңбей еш натиже бермейді,шығарылмай үйіліп тұрған қоқысқты кенелер мекендейді және сол қи асты өніп-өсуіне қолайлы орта болып табылады. Құрметті ағайын!!!
Кенені елемей кеселге кезігіп жүрмеңіз,одан әрқашанда сақ болыңыз!!!
Сондықтан да сақтансаң сақтаймын деген сөзді мықтап жадыңызда ұстағаныңыз абзал.
Лариса Тынымбаева
ҚР ДСМ ҚДСК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесі энтомологі
25 мамыр 2018 ж. 2 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031