» » Эхинококкоз ауруының алдын алайық

Эхинококкоз ауруының алдын алайық

qarmaqshy-tany.kz ЭХИНОКОККОЗ – ПАРАЗИТАРЛЫҚ ІНДЕТ. ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ – ТАСПАЛЫ ГЕЛЬМИНТТЕР. ОЛ АДАМ ҮШІН ДЕ ӨТЕ ҚАУІПТІ АУРУ. АДАМ АБАЙСЫЗДА ЖЕМІСЖИДЕК, ӨСІМДІКТЕР, СУ, ТАҒАМДАРМЕН ҚҰРТТЫҢ ЖҰМЫРТҚАСЫН ЖҰТЫП ҚОЙҒАНДА АУРУҒА ШАЛДЫҒАДЫ.
Ауру қоздырғышы негізінен иттен, шибөрі, түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген малдың өлексесін не ішек-қарын қалдықтарын жегенде жұғады. Адам ішегіне түскен эхинококкоз жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды, өкпені, тағы басқа ішкі органдарды зақымдайды. Құрты өте жай өсетіндігі салдарынан сырқат белгілері біртіндеп білінеді, ауру бірнеше жылға созылады. Негізінен адам мен ауыл шаруашылығы жануарлары үшін инфекция көзі қоздырғыштың микроскопиялық жұмыртқаларын сыртқы ортаға бөлетін жұқпалы иттер болып табылады. Жұмыртқалар иттің жүнінде, олардың нәжісінде, жерде немесе шөптерде, (ит жатқан жерде), ашық су қоймаларында (иттің нәжісі түсуі мүмкін) болуы мүмкін.
Аудан бойынша былтыр эхинококкоз ауруының 2 жағдайы тіркелген болатын. Ауру ошақтарынан жемістер мен көкөністер, топырақтың үлгісі және шайынды сынамалары алынып, оң нәтиже анықталған жоқ. Биыл аудан бойынша эхинококкоз ауруы тіркелген жоқ және алдағы уақытта ауру тіркелуін болдырмау мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы паразиттерді жұқтырып алмас үшін бірнеше ережелерді сақтауға кеңес береді. Олар қарапайым жеке бас гигиенасын сақтау, көшеден келгеннен кейін тамақтанар алдында ақшамен, жануарлармен жанасқаннан кейін қолды сабындап жуу, қаңғыбас иттерге жақындамау, үй жануарлары бар болса жүйелі түрде ветеринариялық клиникаға тексертіп отыру. Міндетті түрде жануарды дегельминтизациялаудан өткізіп отыру, аурудың белгілері байқалған болса, дәрігер көмегіне жүгіну.
Қарапайым алдын алу шараларын сақтау денсаулықты сақтауға және ауруды болдырмауға көмектеседі. Өмірдің негізі – денсаулық, денсаулық негізі – тазалық екенін әрқашан жадыңызда ұстаған абзал.
Гүльфараз ЖҰМАБЕКОВА,
аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау
басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы
25 наурыз 2023 ж. 477 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031