» » Сарыптан сақ болайық

Сарыптан сақ болайық

Сарып (бруцеллез) – жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл аурумен барлық ауыл шаруашылығы жəне үй жануарлары ауырады. Негізінен аурудың таралуында ұсақ жəне ірі қара мал маңызды рөл атқарады, əсіресе ұсақ малдар (қой мен ешкі) аурудың ауыр түрлерін таратады. Ал ірі қара малдағы сарып ауруы қоздырғышы (ұсақ мал сарып қоздырғышымен салыстырғанда) адам үшін аса қауіпті емес жəне ауру ағымы жеңілірек болады. Сарып қоздырғышы жануарлар ағзасында өмір сүріп, көбейеді жəне сыртқы ортаға сүт, зəр шығару, төлдеу мен түсік арқылы бөлінеді. Сыртқы ортада сарып қоздырғышы ұзақ уақытқа дейін өмір сүреді. Мысалы, суда, топырақта, шөпте үш айға дейін, ірімшікте – 70 күнге дейін, етте – 40 күн, кептірілген жəне мұздатылған өнімдерде бірнеше ай бойы өмір сүре алады. Ал жоғары температураға сарып қоздырғышы өте сезімтал келеді жəне қайнату кезінде бірнеше секундта өледі.
Адамдарға бұл ауру малдарға қарау кезінде қауіпсіздік ережелерін
сақтамаудан, ауру қоздырғышы бар ет, сүт жəне олардың өнімдерін (қайнатпай) тамаққа пайдаланудан жұғады.
Мал шаруашылығымен айналысатын барлық жеке жəне заңды тұлғалар
қолдағы барлық малдың қанын зертханалық тексеруден өткізіп отыруы, əсіресе жаңадан сатып алған (əкелген) малды міндетті жергілікті əкімдікке тіркетуі, ветеринариялық ұйымдарға хабарлауды жəне олардың қанын міндетті тексертулері тиіс. Сондықтан, мал иелеріне ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтаудың аса маңызды міндет екенін ескерте отырып, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу» қажеттігіне баса назар аударуларыңызды сұраймын.

Қармақшы Аудандық Аумақтық Инспекциясы


06 қазан 2022 ж. 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 510

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 582

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031