» » Дизентерия қоздырғыштарының таралу жолдары

Дизентерия қоздырғыштарының таралу жолдары

Дизентерия – тоқ ішектің ішкі қабатын зақымдап қанды ірің аралас болып ішті өткізетін жалпы инфекциялық ауру. Дизентерия – антропонозды бактериальды ауру. Жұғу механизмі фекальді-оральді. Клиникалық картинасы комплитикалық синдроммен және жалпы интоксикациялық синдроммен белгіленеді.
Қоздырғышы-шигелдер класына жататын микробтар тобы. Кең тараған түрлері Зонне, Флекснер, Нюкестл, Григорьев штаммдары. Шигелдер тіке түскен күн сәулесінің әсерінен 30 минут арасында, 60*С ыстық ортада 10-20 минут; ал 5% фенол ерітіндісінде 1-2 минут ішінде өледі, суда 5-6 күн, топырақта бірнеше ай бойы тіршілік ете алады. Аурудың қоздырғышы сумен, жуылмаған көкөніспен, жемістермен және лас қолдан жұғады. Шыбындар да аурудың қоздығышын таратушылар болып саналады. Дизентерия кезінде адамның іші жиі өтеді, кейде бұл жағдай тәулігіне қырық ретке дейін қайталануы мүмкін. Тоқ ішектің қабынуынан оның шырышты қабығы зақымданады, бұл кезде сұйық нәжіске қан араласады. Дизентериямен ауырғанда адамның асқа тәбеті болмай, басы ауырады, әлсірейді, бұлшық еттері мен іші ауырады, дене қызуы көтеріледі. Бұрын дизентериядан адамдар өте көп өлген. Ал қазіргі кезде бұл ауру ондай қауіпті емес, дер кезінде емделсе, адам жазылып кетеді. Сондықтан, аурудан сақтану үшін, жазғы уақыттарда таза қайнатылған су ішіп, ал көкөністер мен жеміс-жидектерді жуып жеу керек. Көбінесе жазда немесе жаз-күз айында ауырады. Сезімталдық-жоғары болады.Иммунитет: 1-2 жыл мезгілінде спецификалық түрде болады.

Г.АМАНТАЕВА,
ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы
аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы
25 тамыз 2020 ж. 1 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031