Желшешек /ветрянка/ кезіндегі сәби күтімі

Желшешек бұрынғы заманнан белгілі ауру, бірақ оны табиғи шешектің жеңіл түрі деп ойлаған. Тек 19 ғасырда ауруды нозологиялық түрге бөлектеді. Жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Бастапқы кезеңі көбінесе байқалмай өтеді.
Ата-аналар балаға аталған дертке шалдыққан балаларға күтім жасауда мына дүниелерді есте ұстаған жөн:
Аурудың денесі бөртсе, оның үстіне температурасы көтерілсе, сырқатты қозғалтпай жатқызып қойған дұрыс.
Төсек-орын жаймасын жиі-жиі - алмастырған жөн.
Баланың денесінде бөрткеннің болғанына қарамастан оны қайнаған сумен немесе қызғылтым етіп езілген калий перманганатымен жуады, ал қолын сабындап жуу керек.
Бала терісін қасып, тырнап тастамауы үшін қолының тырнағын алып, дәкеден қолғап тігіп кигізу қажет.
Баланың ерніне тұзсыз сары май немесе қайнатылған күнбағыс майын жағып, сусынды көп ішкізу керек.
Кішкентай сәбидің таңдайын салқын шаймен немесе қайнаған сумен жібітіп отырады.