» » ТІС АУРУЫНАН БІРДЕН АЙЫҚТЫРАТЫН ЖАҢА ДӘРІ ЖАСАЛДЫ

ТІС АУРУЫНАН БІРДЕН АЙЫҚТЫРАТЫН ЖАҢА ДӘРІ ЖАСАЛДЫ

   Лондондағы Корольдік колледжінің студенттерінен жасақталған команда тіс ауруын емдейтін жаңа әдіс ойлап тапты. Енді тістің зақымданған бөліктеріне бітеме (пломба) салудың қажеті жоқ деп хабарлайды massaget.kz

Альцгеймер ауруына шалдыққан жандарға көмектесетін «Tideglusib» (Тидеглушиб) атты химиялық дәрі тістің құрттаған немесе зақымданған жерлерін қалпына келтіріп, табиғи қалпын сақтап қалуға көмектеседі. Ғалымдардың зерттеуі бойынша тістің регенерациялануға мүмкіндігі аз.
Сонымен қатар, ақ маржандай тістің маңайындағы еттері ота жасау кезінде зақымданса, оның жазылуы да ұзаққа созылады. Ал, бұған дейінгі мамандардың жасаған тәжірибелеріне үңілсек, өзіміз-ақ үйде мұндай аурудың алдын алуға болатынына көз жеткізесіз.
Тістің ауырғанын басып, оның табиғи түрін сақтап қалу үшін мына әрекеттерді жасап көріңіз.
Егер тісіңіз шыдатпай ауырып жатса, картоптың бір тілімін алып, әлгі зақымданған жерге басқыңыз. Көкөністің құрамындағы элементтер ауруыңызды тез әрі оңай басады.
Сарымсақтың да түрлі ауру мен бактерияға қарсы тұратын күші бар. Бір түп сарымсақты тұзбен араластырып тісіңізге бассаңыз, әп сәтте аурудың басыла бастағанын байқайсыз.
Сонымен қатар кейбір адамдар аурудан оңай құтылу үшін тісіне мұз басып жатады. Оны пайдаланудың да өзіндік әдісі бар. Мысалы, мұзды полиэтиленді пакетке салып, одан кейін шүберекке орап ауырған тісіңіздің маңайына бассаңыз болады. Ол тек ауырғанды басып, жүйкесін тыныштандырғаны болмаса, емдемейді.
Кішкене ауруды асқындырып алуыңыз да ғажап емес. Ал, көптеген тәжірибие мен кеңесті назарда ұстаған мамандар бүгінгі жаңа дәрінің пайдасы орасан зор екенін айтып күллі әлемге жар салуда. Алайда, мұның қаншалықты пайдасы мен зияны бар екені қолданысқа түскеннен кейін ғана белгілі болмақ.

06 сәуір 2018 ж. 1 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031