» » Неге тәтті тісті бұзады?

Неге тәтті тісті бұзады?

Неге тәтті тісті бұзады?
Тіс тамақты ұсақтайтын, жееуге ыңғайлы ететін сезімсіз адамның мүшесі емес. Оның да өзіне тән қызметі бар. Ағзаның өзгеде бөліктері секілді тіс миға белгі жібере алады. Осылайша, ми тістің жағдайынан хабардар болып қана қоймай, оған ыңғайлы жағдай тудыру үшін оған қарсы-бағытта белгі береді. Мысалы, тіске зиянды, қатты затты тістесіңіз, миға оның қауіпті әрі зиян тигезітін туралы ақпарат келеді. Оның барлығын эмаль астына жасырынған жүйке талшықтары атқарады. Нәзік жүйке талшықтарын бірден эмальға жалғай алмаймыз. Оларды біріктіретін жұмсақ ұлпалар жиынтығы бар. Ол пульпа деп аталады. Бұл ұлпаларға жанаса отырып жүйке талшықтары орналасады. Пульпа мен эмальдің ортасында тістің сыртын қаптайтын қабат бар, оны дентин деп атайды. Дентиннің заттық құрамы эмаль секілді қатты емес. Құрылымы жағынан да айырмашылығы бар. Дентиннің қуыстары көп және жіңішке арналары бар. Сол арқылы пульпада орналасқан жүйке талшықтары зақымданған эмальға бара алады. Дентиннің жіңішке арналары сұйықтыққа толы. Сондықтан ауруды тек жүйке талшықтары арқылы пайда болған химиялық қоздырғыштың молекулалары туғызбайды. Одан бөлек, сұйықтықтың кенеттен температурасы өзгеруі ауруды қоздырады. Тіс маханикалық үйкелістен емес, химиялық реакцияның нәтижесінде ауырады. Кейбір заттар эмальмен реакцияға түсіп, оның бастапқы қалпын бұзады. Эмальды бұзатын химиялық реагенттер тамақ арқылы түспейді, олар метоболизм нәтижесінде ауыз қуысында өмір сүретін бактериялардың қозуынан пайда болады. Мысалы, қант өздігінен эмальға зиянын тигізе алмайды. Бірақ, стрептокок пен лактобактерияларды қоздырады. Қанттың көмегімен олар сүт, құмырсқа қышқылдарын өндіреді. Олардың көп мөлшерде өндірілуі эмальдің қызметін бұза бастайды. Осылайша, тәтті эмальді әлсіретіп, тіс ауруын туғызады. Бактериядан құтылу мүмкін емес, бірақ аурудың алдын алуға болады. Қантты тағамдарды орнымен қолдана біліңіз.


25 наурыз 2018 ж. 1 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031