» » Шаш неге ағарады?

Шаш неге ағарады?

Шаш неге ағарады?

Шаштың ерте ағаратынын көпшілік генетикаға байланысты деп ойлайды. Шынымен, генетика кінәлі ме әлде оны тоқтатуға бола ма?
Қалыпты жағдайда ерлердің шашы 30-35 жасында, ал әйелдердікі 40-45 жасында ағара бастайды. Бірақ, тәжірибеде 30, 25 тіпті, 18 жастағы қыздарда да ақ шаш кездесіп жатады. Сонымен қатар, түсі кеткен шаш ұсақ тесікті болып, онда көптеген үлпілдік көпіршіктер пайда болады. 20 жаста немесе 40 жаста болса да, ақ шаш шығуы ешкімге ұнамайды.
Шаш ағару процесі қалай жүреді?
Шаш түсіне ағзада екі пигмент жауап береді. Біріншісі – эумеланин, ол қоңыр және қара реңк береді. Екіншісі – феомеланин, қызғылт немесе сарғылт реңкке жауап береді. Шаш түсі осы пигменттердің түрлі мөлшерде араласуынан пайда болады. Шартты түрде, оны суретшінің палитрасымен салыстыруға болады. Ағзада да солай болады. Мысалы, егер ол эумеланинді феомеланинге қарағанда көбірек синтез жасаса, шаш қара реңкті болады.
Қызықты факт – бірінші болып қара шаштылар, содан соң қоңыр шаштылар ағара бастайды. Ақшыл шаштылар бұл мәселемен кейінірек кездеседі. Алайда, бұл ереже барлығына бірдей емес. Табиғи физиологиядан басқа адамның түс типіне қарамастан, ерте шаш ағаруға әсер ететін көптеген факторлар бар.
Эумеланин және феомеланин пигменттері шаш түйінінде орналасқан меланоцит жасушасымен синтез жасайды. Ал меланоцит өз кезегінде құрамында мыс бар тирозиназ ферменті әсерімен катализдейді. «Табиғи» боялу процесі әрқашан жүреді. Жас ұлғая келе тирозиназ өңделуі азайып, нәтижесінде шаш түсін «жуып тастайтын» сутек тотығы түзіледі.
Ерте шаш ағарудың негізгі себептері
Тирозиназ өңделуінің азая бастауы генетикаға байланысты, бірақ оған сыртқы факторлар да әсер етеді.
Генетика. Егер ата-анасының шаштары жас кезінде ағарған болса, онда балалары да сол мәселемен бас қатыруы әбден мүмкін.
Күйзеліс. Жүйке күйзелісі нәтижесінде шаш өз бояуын жоғалтады. Қатты күйзеліс кезінде қанға көп мөлшерде кортизол жіберіледі. Ол тирозиназдың қалыпты өңделуін бұзып, шаш түссізденуі мүмкін. Жұмыстағы кедергілерді ойлау, негатив және жақын достарыңыздың сатып кетуі осыған жатады. Мұндай себептер толып жатыр.
Ауру. Ерте ағаруға қанның түрлі аурулар, қалқанша безі жұмысының бұзылуы, қант диабеті, темірдің жетіспеуі және гормондық бұзылу әсер етуі мүмкін. Сондықтан, қандай да бір ауруыңыз болса, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаған жөн.
Авитаминоз. Ағзаға дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі секілді қарапайым заттың өзі шаш түйініне және оның бояуына әсер етуі мүмкін.
Қатаң диета. Еттен және сүтті тағамдардан толықтай бас тартатын диеталар шашқа зиянын тигізеді.
Ағаруды қалай тоқтатуға болады?
Денсаулықты жас кезден бастап күту керек. Бұл шаш саулығына да байланысты. Ағарған шашты емдеуге болмайды, бірақ жаңа ағарған шаштың пайда болуының алдын алуға болады. Ол үшін кей қарапайым ережелерді ұстану керек:
- Күйзелістен алшақ болу;
- Дәрумендер мен минералдар жиынтығын ішу;
- Бас терісіне массаж жасау;
- Шашты күннен қорғау;
- Зиянды әдеттерден аулақ болу.
Табиғи дәрілер де шаш ағаруын тоқтатуға көмектеседі. Сәлбен (шалфей), қалақай (крапива), женьшень, аскөк дәні, түйежапырақ (лопух) тамыры, қызыл бұрыш тұнбасы – олардың барлығы осы жағдайда көмекке келетін ең жақсы құралдар. Оның барлығын дәріханадан табуға болады. Осы құралдардан маска жасаңыз немесе шашты шайыңыз. Оларды кезектесіп қолданған жақсы.
05 наурыз 2018 ж. 1 956 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031