ҚАРАНЫҢ ҚАДІРІ

Табиғаттың ғажайып көріністерінің бірі кемпірқосақтың негізгі 7 түсі болады. Сол түстердің көбірек қолданылатыны ақ және қара түс. Бұл түстер өмірдің түрлі сәттерінде кездесіп отырады. Мысалы, күн-ақ, түн-қара және тағы басқа болып кете барады.
«Қара» сөзі туралы әңгімемізді қараша үйдегі қара шаңырақтан бастағанымыз жөн болар. Күнделікті сөз қолданысымызда «Қара нар» сөз тіркесін пайдаланып жүрміз. Бұл сөз қиыншылықтан тайсалмайтын, оларды жеңе білетін адамдар жөнінде айтылады. Табиғаттағы кездейсоқтық па, әлде жаратушының бізге жіберген белгісіз тылсым күштерінің әсері ме, Махамбет ақынның, ұлы Абайдың, Мұқағалидың туып-өскен жері де «Қара» сөзімен байланысты. Қаратөбе, Қарауыл, Қарасаз, тағысын тағылар.
Айтпақшы, Шәкәрімнің сөңғы қыстауы да «Қарабұтақ» деген жерде болған. «Қара» сөзі кісі аттарында да жиі кездеседі. Қаракөз, Қарашаш, Қаражан, Қараман, Қаранияз, Қарасай, Қаратай және тағы басқалар. Қарашаш-аңыздарда айтылатын Жиреншенің әйелі, Қарашаш-Қожа Ахмет Яссауидің анасы. Кезінде өңірімізге белгілі бір азамат балаларының есімдерін Майқара, Байқара, Талқара, Кенжеқара деп атаған екен.
Сонымен қатар, «Қара» сөзі жер, су, атауларында да жиі кездеседі. Мысалы, Қарасу, Қараөзек, Қаратерең, Қара дүзгенді қабақ және тағы басқалар.
Асылы, халқымызда «Қара» сөзі қасқыр сөзінің тура айтылмай ит-құс деп айтылатыны сияқы «табу» сөздерге жататын болса керек. Біздің әжеміз қара жылқыны «баран» жылқы деп отыратын. Ал, батыстағы көршілеріміз «Қара жорға» биіндегі қара жорға сөздерін «Вороной иноходец» деп аударыпты. Сонда көршілес екі халықтың қайсысы бұл сөзді басқанынан, қабылдағаны бізге беймәлім. Енді бұл сөзді әрі қарай таратуды тіл мамандарының құзырына қалдырайық та, «Қара» сөзіне байланысты басқа жайттарды қаузайық...
Халқымыз «көп» сөзін қолданғанда «қарақұрым халық», немесе «қара ормандай» деп жатады. Ірі малдарды «Қара мал» деп те атайды. Мұнан әрі «Қара» сөзіне байланысты, елімізге, аймағымызға, өңірімізге белгілі азаматтар туралы айтар болсақ, алдымен КРСО-ның алғашқы комиссары болып қызмет істеген, елі «Темір комиссар» деп атаған Темірбек Жүргенов Шөмекейдің Бозғылының Сарығасқа руына шыққан Жәрімбет бидің Қара әулетінің ұрпағы.
Темірбек 1933-37 жылдарда Қаз ССР халық ағарту комиссары болып қызмет атқарған. 1938 жылы халық жауы деп танылып, Қызылорда қаласының маңында атылған. Әйелі Дәмеш Ермекова «АЛЖИР» түрмесіне қамалған.
Жүрген баласы Қара 1858 жылы Қазалы болысында дүниеге келген. Ол 1898-1903 жылдары болыс болған, 1928 жылы тәркілеуге ілінді. Үлкен ұлдары Досжан Қарақұмды паналаған. Ол 1932 жылы Қарақұм көтерілісіне қатысқаны үшін атылған. Қара 1929 жылы Қарқаралы округіне жер аударылды. 1933 жылы ол №16 ауылға оралып, ашаршылықтан аман қалады. Қара әулетінен 7 адам ату жазасын алған.
Енді, аймағымызға «Қара Мақан» деген атпен белгілі болған сөзге келсек, 1870-1931 жылдары өмір сүрген Мақан Жиенбайұлы туралы болмақ. Ол Мәметек Есеке аталғанынан шыққан, Ол Сыр бойының атақты байларының бірі болған. Саудамен айналысып, Орымбор Үргеніш, Троицк қалаларында сауда жүргізген. Қызылорда қаласында көптеген үй салған. Оның 100 орындық керуен сарайы болған.
1928 жылы тәркілеуге ілініп, Семей өңіріне жер аударылып, түрмеде қайтыс болған. Қызылорда қаласындағы «Қызылордаэнергия» мекемесі орнында 20 бөлмеден тұратын үйі болыпты. Бұл үй өткен ғасырдың алпысыншы жылына дейін қалалық емхана болған. Бүгінде Мақан салдырған үйлер, тарихи ескерткіштер ретінде мемлекеттік қорғауға алынған.
Сексенінші жылдары Кеңес үкіметі тәркілеген үйлердің құнын мұрагерлеріне төлеу жөнінде қаулы шығарды. Бірақ, Мақан Жиенбайұлының мұрагерлері бұл қаржыны алудан бас тартқан.
Ел аузында Мақанның қалай байығаны жөнінде, аңызға бергісіз мынадай. Әңгіме айтылады. Мақан Қызылорда қаласында көлікпен отын тасып, кәсіп етеді екен. Ол бір күні таңғы намазға тұрғанда ыдыстағы судың ұйып қалғанын байқаған. Әйелін, балаларын оятып, ұйыған суды бөлісіп ішкен. Осы мезеттен бастап, Мақанның кәсібі өрге басқан деседі.
Құрметті оқырман, біз бүгін «Қара» сөзінің төңірегінде әңгіме өрбіттік. Қараның астарында қара халық, қара жер деген ұғымдар да кездеседі. Демек, қара ақтың теріс түсі емес, қасиеті мығым сөз.
Сәдуақас ТҰРСЫНБАЙ,
тыл ардагері.
09 қаңтар 2018 ж. 1 638 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 11:38
Forte Propecia Generico cialis 5mg The Healthy Man Viagra Viagra Kaufen Schnelle Lieferung Amoxicilline Qualimed 250 Mg

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031