» » Шаш әдемілігіне қажет дәрумендер

Шаш әдемілігіне қажет дәрумендер

Әр әйел шашының сусабын жарнамасындағы секілді ұзын, қалың және әдемі болғанын қалайды. Шашты өсіріп, оның денсаулығын сақтап қалуды қалап, дүкенге барып, ондағы косметикалық құралдардың қайсысы шаш өсіруге көмектесетіндігін ойланамыз.
Шашты жақсартудың ең дұрыс амалы – оны іштей қоректендіру. Шаш саулылығының кілті – қоректендіргіш заттарға, соның ішінде ақуыз бен темірге бай үйлестірілген диетада жатыр.
Дерматологтардың анықтауы бойынша сау шаш – әр фолликулдан өсетін шаш, олар жылтыр, көнгіш, көлемді әрі ұзын болады. Сонымен қатар, бас терісі мінсіз жағдайда болуы тиіс. Осы айтылған жағдайға үйлестірілген диета арқылы жетуге болады. Сау шаштың ең маңызды құрауыштарына мыналар жатады.
Ақуыз
Шаш сабағының негізі ақуыздан тұрады, сондықтан шаштың өсуіне тамақтану үлесіңізде қажетті мөлшерде ақуыз болуы тиіс. Ал егер шаштың 90%-ы өсу фазасында тұратындығын ескерсек, шаш фолликулы тыныштық фазасына өтіп кетпеуі үшін ақуызды көп мөлшерде қолдану керек. Басыңызда орташа есеппен шамамен 120 000-150 000 шаш болады, ал күніне оларды 50-ден 100-ге дейін жоғалтамыз. Қалыпты жағдайда бұл жоғалту білінбей кетеді, бірақ егер көп шаш түйіні ұйқы жағдайында жатырса, біз қандай да бір жөнсіздік сезе бастаймыз.
Ақуызды еттен, саңырауқұлақтан және кей көкөністерден (саумалдық, брокколи) ала аласыз.
Темір
Шаш саулылығының тағы бір бөлігі – темір. Шаш жағдайын жақсартуда темір басқа минералдармен (селен, мыс, магний және т.б) бірге және Е дәруменімен бірге жақсы әсер етеді.
Ғалымдардың ойынша, темір жетіспеушілігі шаштың түсуіне себепші болып табылады. Темір жетіспеушілігі денеңізге белгі береді, яғни шаштан құтылу арқылы оттекті өмірлік маңызы бар мүшелерге жібереді.
Темір ағзаға негізі еттен беріледі. Оны қажетті мөлшерде жеп жүргеніңізге көз жеткізу керек. Әсіресе, темірдің пайдалы көзіне устрицалар, моллюскалар және арық ет жатады. Темірді көкөністерден де алуға болады. Оған брокколи және жасыл жапырақты көкөністер жатады.
D дәрумені
Шаштың әлсіреуі D дәруменінің жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Зерттеулер бойынша, шаш түсуімен соқтығысқан әйелдерде темір және D2 дәруменінің жетімпеушілігі байқалған.
D дәрумені шаш фолликулының өсуін реттейтін ген синтезіне қатысады. Ересектерге арналған D дәруменінің ұсынылатын мөлшері – күніне 2000 МЕ.
14 ақпан 2018 ж. 1 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031