» » Супермаркеттерде дрон-кеңесшілер пайда болады

Супермаркеттерде дрон-кеңесшілер пайда болады

Супермаркеттерде дрон-кеңесшілер пайда болады
АҚШ-тың ең үлкен Walmart супермаркеттер желісі дрон-кеңесшілер жүйесін жасау идеясын патенттеді. Бұл қызмет түрі сатып алушыларға бағаны тексеруге немесе көптеген сөре арасынан белгілі бір өнімді тез тауып алуға көмектеседі.
Супермаркеттің тұтынушылары мобильді құрылғы арқылы дрон-кеңесшілерге қоңырау шала алады. Орталықтандырылған компьютерлік жүйе сұранысты тіркейді және сіздің мәселеңізді шешуге көмектесетін дрон жібереді.
Патенттік сипаттамада дрон-кеңесшілер орталық компьютерде енгізілген деректерді пайдалана отырып өнімнің нақты құнын анықтау, штрих-кодын сканерлеу сынды әрекеттерді өздігінен атқара алатыны жазылған. Егер сатып алушы супермаркеттен өзіне қажет тауарды таба алмаса, ұшақ оның орналасқан жерін картадан көрсетеді немесе сол жерге алып барады. Ауада дрондардың соқтығысуын болдырмау үшін олардың әрқайсысында қозғалысты бақылайтын өз сенсоры болады.
Дрон-кеңесшілер жүйесін құру Walmart стратегиясының алғашқы қадамы болып табылады. Бұған қоса, сауда-саттықты ыңғайлы ету үшін Walmart смарт-арбаларды енгізу идеясын қарастырып отыр, ондай арбалар ішіндегі өнімдер туралы ақпаратты тез арада шығарып береді.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Amazon қызметі әлемдегі кассалық регистрлер мен сатушыларсыз жұмыс істейтін ең бірінші дүкенді ашқан болатын. 
03 сәуір 2018 ж. 1 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 796
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 526

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930