» » Келешекте қандай мамандық иелері жоғары жалақы алады?

Келешекте қандай мамандық иелері жоғары жалақы алады?

Болашақта табысы мол мамандық өкілдерінен сұхбат алу үшін rbc.ru басылымы HeadHunter компаниясының зерттеуіне жүгінді. Болашақтағы еңбек нарығында қандай мамандықтар табысты болмақ? Мамандар осы сауалдың жауабын анықтау үшін соңғы үш жылда жарияланған 13 рейтинг пен тізімді (олардың алтауы ағылшын, қалған жетеуі орыс тілінде) зерттеу нысаны ретінде алды. Осылардың ішінен ең көп таралған мамандық түрлері сараланып, олар туралы ақпарат «HeadHunter HR лига эксперттері» сотының мүшелеріне жолданды. Осы зерттеу аясында 54 сұхбат жүргізілді.
Нәтижесінде HeadHunter көзқарасымен алдағы он жылда табысты болады деген 15 мамандық алынды. Кейін РБК басылымы бүгінде жоғары жалақы алып, болашақта жұмыссыз қалмайды деген мамандық өкілдерімен сұхбаттасты.
HeadHunter нұсқасы бойынша «болашағы зор мамандықтар» тізімі:
1. Биоинженер
2. Энергияны қайта қалпына келтіру инженері
3. «Ақылды» орта жобасын құрастырушы
4. Робототехника саласындағы маман
5. Кибер қауіпсіздік саласындағы маман
6. Альтернативті энергетика саласындағы маман
7. Нейропсихолог
8. Биоинформатик
9. Бағдарламашы/құрастырушы
10. Инженер құрастырушы
11. 3D-басып шығару инженері
12. Гендік инженерия саласындағы маман
13. Виртуалды шындық дизайнері
14. Виртуалды шындық архитекторы
15. Биофармаколог
Юлия Пудова 30 жаста. Tsuru Robitics-те робототехниканы қолдану саласында менеджер болып жұмыс істейді. Дон мемлекеттік техникалық университетінің Роботехника және мехатроника кафедрасында білім алған. Айтуынша, әріптестері кемінде 70 мың рубль жалақы алады.
«Кәсіби көзқарасы қалыптасқан ресейлік инженерлерге эстетикалық талғам жетіспейді. Инженерия мен материалдардың өтімді болуына оның дизайны мен сыртқы көрінісі тікелей әсер етеді. Біздің инженерлеріміз күрделі модельдерді жақсы құрастырады. Бірақ, біз дизайн жағынан шетелдік өндірушілерден қалып қоямыз. Инженериядағы коллаборация және өнердің орны ерекше. Ресейлік инженерлердің осы нәрсені мойындайтындарына ризамын.
Менің міндетім – дронның сыртқы көрінісінің әдемі болуы мен оның дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Мысалы, біз дрон концепциясына ғана емес, оның костюміне де мән береміз. Біз алғаш рет Ресейде автоматтандырылған түрлі-түсті дрондар шоуын ұйымдастырдық. Оларға әдемі костюм қажет болды. Мұнымен қатар, әлем бойынша бірінші дрон-суретшілер шоуын жасадық. Ұшқышсыз дрон «Эволюция 2.1. Мәңгілік жастықпен қоштасу» атты шоу «Винзавод» аумағында ұйымдастырылды. Дәл қазір өнер мен технологияны ұштастырған бірнеше жоба аясында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағыт ары қарай да дамитын болады. Ресейде жаңа технологияларға деген сұраныс жоғары болғандықтан, дизайнының әдемі болуын міндетті түрде қадағалауымыз қажет.
Аптасына 7 күн 24 сағат бойы жұмыс істеймін десем де болады. Жұмыстың жаңалықтарынан толықтай хабардар болып отыруым қажет: Көрмелер ұйымдастыру мен оларды жарнамалаудан бастап, құрастырушылармен әңгімелесуге дейін. Жұмыстан тыс уақытта дизайн мен технологиялар туралы кітаптар мен мақалалар оқимын. Бұдан өзге «Сколковтағы» Science and Art тақырыбындағы дәрістерге міндетті түрде барып жүрмін», – дейді Юлия Пудова.
 
18 қаңтар 2018 ж. 1 314 1

JeaCold от 25 ақпан 2019 10:02
Viagra Generico Europa Pagamento Paypal Cephalexin And Kariva http://kamagorder.com Propecia Tasacion

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031