» » Дизентерия ауруының алдын алу

Дизентерия ауруының алдын алу

Дизентерия – антропонозды бактериальды ауру. Жұғу механизмі фекальді-оральді. Клиникалық картинасы комплитикалық синдроммен және жалпы интоксикациялық синдроммен белгіленеді.
Этиологиясы: қоздырғышы Shigella туысына жатады. Shigella 4 тобы (А,В,С,Д) және 4 түрі ажыратылады:
  • - Sh. dysenteria
  • - Sh.flexneri
  • - Sh.boydi
  • - Sh.sonnei 
  • Sh.sonnei-ден басқа түрлері бірнеше сероварианттардан құралады. Шигеллада О және К антигендері бар. Олар эндотоксионнен тұрады, ал Sh. dysenteria, Sh.flexneri, Sh.sonnei экзотоксин өндіреді. Энтеро-нейро және цитотоксикалық белсенділігін иеленеді.
  • Ол адамнан - адамға тез жұғып, тарайды. Әсіресе жаз айларында дендеп кетеді. Кесел ауру қоздырғыштары бар тамақтардан, ішетін судан, кір ыдыс - аяқтан, лас ойыншықтардан, көбіне тазаланбаған жеміс -жидектерден, қауын - қарбыздан, көбірек тұрып қалған қолдан жасалған салаттардан, қаймақ және сүзбелерден жұғады. Сондай-ақ әр адамның жеке басының гигиеналық тазалығын дұрыс сақтамауынан да болады. Ауру аяқ астынан басталады. Ең бірінші белгісі – үлкен дәреттің сұйық түрінде бірнеше рет өтуі.Сонымен қатар дене ыстығы 38-39 градус шамасына дейін көтеріледі. Алғашқы кезде әлсіздік пайда болып, асқа тәбеті төмендейді, онан соң аздап іші ауыра бастайды. Аурудың ішінің өтуі 3-5 рет,кей жағдайда 8-10 ретке дейін болады. Науқас 2-3 күн емделмесе, ұлы дәреті ірің және қан аралас болады. Іштің ауырғаны кіндіктің айналасы, қуықтың сол жағында байқалады және әрбір үлкен дәретке отырған сайын сол жер оқтын - оқтын бүріп ауырады.Үлкен дәретке отырып болғаннан кейін іштің ауырғаны қоймайды. Науқас кідірмей дәрігерге көрінгені және ауруханада емделгені жөн. 
    Алдын-алу шаралары
    Тамақ ішердің алдында және әжетханадан кейін қолды сабындап жуу керек. Көкөністерді, жеміс-жидектерді пайдаланар алдында мұқият тазалап жуған дұрыс. Тоңазытқышта сақталмаған кеше кешкілік дайындалған тағамдарды ертеңіне ішпегеніңіз жөн. Жаз айларында қайнатылған суды ішу керек.
    Ауруды емдеу жолдары
    Егер ауру жеңіл түрінде болса, науқас үйінде емделеді. Диета сақтауы керек, майы көп, қуырылған, тұздалған тағамдарды пайдаланбағаны жөн. Күріш көжесінің суы, кисель, газсыз минералды су, қант салған шәй тиімді. Егер адам денесі белгілі мөлшерде су жоғалтса, онда регидрон, тұзды қоспа суларды пайдаланған жөн. Оны әрбір он минут сайын 1 қасықтан ішіп отыру керек. Егер науқастың жағдайы өте нашар болса, онда оны міндетті түрде ауруханаға жатқызған дұрыс. Науқас өз бетімен емделсе, көп жағдайда ауру асқынып, созылмалы іш ауруына шалдықтырады немесе ішіне ас тұрмайтын күйге ұшырайды. Сондықтан науқас кідірмей дәрігерге көрініп, емханада немесе ауруханада дәрігердің бақылауымен жөнді ем алғаны дұрыс.
Г.АМАНТАЕВА,
 ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «ҰСО» ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қармақшы аудандық бөлімшесінің
Бактериологиялық және паразитологиялық
зерттеулер зертханасының лаборанты
28 тамыз 2019 ж. 3 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031