» » Гельминтоз ауруының алдын алу

Гельминтоз ауруының алдын алу

qarmaqshy-tany.kz Гельминтоздар – ұзаққа созылатын, ұзақ ағымымен және кең ауқымды клиникалық көріністермен сипатталатын құрттар тудыратын паразиттік аурулар. Әдетте, ересек құрттар ішекте өмір сүреді және сонымен қатар, адамның бұлшық етінде, жүрегінде, бауыры мен бүйрегінде, миында, көзінде және қанында да болатын құрттар бар.

Инфекция қалай пайда болады?
Көбінесе инфекция ауыз-нәжіс жолы арқылы топырақ, су, нәжіспен ластанған көкөністер арқылы, санитариялық-гигиеналық ережелер сақталмаған жағдайда: жермен жұмыс істегеннен кейін қолды жумаса, лас көкөністерді, жемістер мен жидектерді тамаққа қолданса жұғады. Үй жануарларымен ойнап, иттер мен мысықтардың бетін жалауға руқсат берген балалар олардан ауру жұқтырып алуы мүмкін. Су қоймаларда шомылу кезінде абайсызда суды жұту арқылы жұқтыруға болады.
Термиялық өңдеуден өтпеген ет пен балық ауру көздері болуы мүмкін. Иттер адамда өте ауыр ауру тудыратын эхинококк сияқты қауіпті гельминттердің тасымалдаушысы болып табылады.

Ауруды қалай анықтауға болады?
Адам ағзасында әртүрлі паразиттердің болуы туралы оның әлсіздігі, салмағын жоғалтқаны, кейде салмақ қосқан кезде де айтуға болады. Асқазанның мерзімдік ауруы, бас ауруы мен айналуы, жүрек айнуы, іш қату немесе диарея пайда болады. Паразиттік инвазияның нәтижесінде экзема, безеу сияқты әртүрлі тері аурулары болуы мүмкін, жүйке-психикалық бұзылулар, мысалы, тітіркену, шаршау, ұйқының бұзылуы пайда болады, сонымен қатар өсудің тежелуіне және физикалық дамымауына әкелуі мүмкін. Құрттар өте жиі созылмалы аурулардың өршуін тудырады.

Гельминттердің таралуының алдын алу шаралары:
1) жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, иттер мен мысықтармен әр байланыста болғаннан кейін және жалпы ластанған сайын қол жуу, тырнақтарды қысқа кесу қажет;
2) термиялық өңдеусіз тұтынылатын көкөністерді, жемістерді, жидектер мен шөптерді жақсылап жуып, қайнаған сумен жуу керек;
3) ет пен балық өнімдерін қолдан емес, тек сауда желісінен сатып алу, оларды мұқият термиялық өңдеуден кейін ғана тұтыну керек;
4) кездейсоқ тексерілмеген су көздерінен суды тұтынуды болдырмау;
5) аулалардың, балалар ойын алаңдарының топырағын адам мен жануарлардың нәжісімен ластанудан қорғау;
6) балалардың қаңғыбас жануарлармен ойнауына жол бермеу, үй жануарларына үнемі профилактикалық ем жүргізу керек;
7) көкөніс бақшаларын заласыздандырылмаған нәжіспен тыңайтуға жол бермеу;
8) мал жаюға жақын орналасқан тұрып қалған су қоймаларында шомылмау, ашық су қоймаларында шомылғаннан кейін душ қабылдау;
9) гельминтоздардың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.

Гельмитозды емдеу дәрігердің бақылауымен тұрақты зертханалық тексерулерді жүргізе отырып, антигельминтикалық препараттармен жүзеге асырылады.
Есіңізде болсын! Жеке гигиена мен профилактикалық шараларды сақтай отырып, сіз өзіңізді гельминттермен жұқтырудан қорғайсыз.

Айгүл ЖАНҒАБЫЛОВА,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің
бактериологиялық және паразитологиялық
зертхасының лаборанты
01 тамыз 2023 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031