» » Жедел ішек инфекциясының алдын алу

Жедел ішек инфекциясының алдын алу

Фото

Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл әлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады. Барлық ересектердің, әсіресе, балалардың дизентериямен, сальмонеллезбен және басқа да жедел ішек инфекцияларымен ауырмаған бірде бір ел жоқ. Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі жаз айлары болып есептеледі. Ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы – жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен ілесіп, сыртқы ортаға тарайды.
Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, мәселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады.
Аурудың алғашқы белгілері:
Іштің жиі-жиі судай өтуі, дене қызуының көтерілуі, емшектен бас тарту, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретіне қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы. Науқаста қайталамалы құсық, іш өткен сайын баланың жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өзіндегі тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастаса дәрігерге көрінуі керек. Мұндай кезде дәрігер келгенше немесе жеткенге дейін біраз уақыт кетеді. Сондықтан, мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол, көбірек ішкізген жөн. Өздігінше емделу аурудың асқынуына әкеліп соғуы немесе созылмалы формаларына ұласуы мүмкін. Антибиотик қабылдау сырқаттың клиникалық сипатын өзгертеді, мұның өзі дұрыс диагноз қоюды қиындатады.
Жіті ішек жұқпасын болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтаған жөн: -Тамақтанар алдында және дәретханадан кейін, сырттан серуендеп келегенде қолды сабындап жуу керек.
- Суды тек қайнатып қана ішу керек. Ашық суқоймаларынан, арықтан суды ішуге болмайды.
- Жеміс-жидектерді мұқият жуып, ыстық сумен шайқап жеу керек.
- Шөлмектегі және пакеттегі сүтті қайтанып ішкен дұрыс.
- Етті кем дегенеде 2-2,5 сағат, ал балықты 30 мин қайтану керек.
- Дайын тағам мен шикі тағамдарға ортақ кесетін тақтай пайдалану дұрыс емес.
- Майонез не маймен араласқан салаттарды 3 сағаттан ұзақ сақтауға болмайды.
Көкеністер, жартылай фабрикаттар 6 сағатқа дейін ғана сақталу керек.
- Егер тағам 5 сағатта ұзақ сақталса, оны қайнатып пайдаланған жөн. жаңа әзірленген тағамды тұрып қалған атағамммен араластыруға болмайды.
- Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтау керек.
- Арнайы рұқсат етілген су қоймаларында ғана шомылу керек.
- Үйдегі тағамдардың қалдықтарын дер кезінде қоқысқы шығарып тұру керек.
Егер сізде ішек жұқпасының алғашқы белгілері пайда бола бастаса, дереу дәрігерге көрініңіз. Өздігінен ем қолдануға болмайды, әсіресе антибиотиктерді пайдаланбаңыз. Бұл әртүрлі асқынуларға әкеледі немесе бактерия тасымалдаушылыққа себеп болады. Осының салдарынан отбасында не болмаса байланыста болған басқа адамдардың арасында ішек жұқпасының қайталану жағдайлары болады.
Бермаханова Маржанкул,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің
зертханашысы 
04 мамыр 2023 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031