» » Жедел ішек инфекциясы: қалай сақтанамыз?

Жедел ішек инфекциясы: қалай сақтанамыз?

Тазалық – қай кезде де басты талап. Жеке бас гигиенасын сақтау талай аурудың алдын алады. Сондықтан балаларды кішкентай кезінен-ақ тазалыққа үйрету қажет. Әсіресе кез-келген жеміс-жидекті жуу арқылы микробтан тазартуға болатынын ескерту маңызды. Себебі өнімді жуып-тазалап тұтыну – балалар арасында жиі кездесетін өткір жұқпалы ішек инфекциясынан сақтайды.
Өткір жұқпалы ішек аурулары – жұқпалы дерт және ол асқазан-ішек ағзаларын зақымдайды. Аурудың көбеюіне бірден-бір себепкер бұзылған тағамдар мен жеміс-жидектерді тұтыну. Инфекцияның қоздырғыштары адам ағзасына тамақ, су, кір қол, лас ыдыс пен тұрмыстық заттар арқылы түседі. Соның ішінде ауруды тағамнан жұқтыру қауіпті. Ал тұрмыстық жанасу балалар мен оқушылардың дәл осы аурумен ауыруының басты себепкері. Инфекцияны жұқтыру кезінде дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өтуі, бас ауруы мен кіндік аймағының бүріп ауыру белгілері байқалады. Жалпы ішек ауруларының бірнеше түрі бар. Алайда оларды біріктіретін ортақ нәрсе – жұғу механизмі мен инфекция көздерінің бір-біріне ұқсастығы. Дегенмен әр инфекцияның өзіне тән белгілері бар. Мәселен, сальмонеллез – ет, сүт пен құс өнімдері арқылы беріледі. Жеміс пен көкөністер сирек инфекцияның берілу факторы болса да, олардың инфицирленген түрінен әзірленген тағам өте қауіпті.
Жалпы аурудың бұл түрінің негізгі инфекция көзі – көбіне үй жануарлары мен балық, тышқан мен егеуқұйрықтар. Сальмонеллез көбіне тез өрбитін жіті гастроэнтерит түрінде өтеді. Ал дизентерияның қоздырғышы адам ағзасынан нәжіс арқылы сыртқы ортаға бөлініп қоршаған ортаға түседі. Аурудың берілу факторлары – лас қол, тағам өнімі мен су. Су топырақ арқылы ластанса, тағамды ластайтын шыбындар. Сол себептен инфекцияны таратуға шыбындар бірден бір себепкер болып саналады. Айта кетерлігі, жұқпалы ішек ауруларының ішінде дизентерия ауру деңгейі жағынан бірінші орында және балалар үшін өте қауіпті.
– Аурудың ең басты алдын алу жолы – жеке бас тазалығы. Кездейсоқ сауда орындарынан тағам өнімдері мен сусындар алмау. Қайнамаған сүт пен су өнімдерін пайдаланбау керек. Тамақ алдында қолды сабындап жуу мен тек қайнаған су ішу де аса маңызды. Егер бұл аурудың белгілері байқалса дәрігерге жүгініп, инфекцияның алдын алған жөн. "Өмір негізі – денсаулық, денсаулық негізі – тазалық" екенін естен шығармаған абзал, – дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гүлнәр Төлепбергенова.
Мамандар сондай-ақ тұтынар алдында жеміс-жидекті тазалап жууды, ас дайындау мен ыдыс жууға суды ашық арықтан пайдаланбауды, дайындалған тағамды ашық қалдырмауды ұсынады. Одан бөлек, тез бұзылатын тамақты тоңазытқышта сақтап, сәбилердің емізіктері мен сүт ішетін бөтелкесін таза ұстау да маңызды екенін ескерген жөн.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
10 қазан 2020 ж. 1 038 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031