» » Сақтықта қорлық жоқ

Сақтықта қорлық жоқ

Жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) - Ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобы. ЖІИ қоздырғыштар өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта,суда,сондай-ақ қасық,тәрелке,есіктің тұтқасы,ойншық және т.б. заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда,сүтте,сүтті өнімдерде,салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық-түліктерде көбейеді.
Аурудың негізгі белгілеріне іштің ауыруы, құсу, іш өту, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі жатады. Бір айта кетерлігі, құсқанда және іш өткенде адам сұйықтықты жоғалтады, соның нәтижесінде ағзадағы су алмасу процесі бұзылып, жүректің, тамырлардың, бүйректің және басқа ағзалардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады.
Жедел ішек инфекциясының белгілері байқалса,өздігіңізден емделмей, жедел медициналық көмекке жүгінгеніңіз абзал. Табиғатта белсенді, салауатты демалысты өткізген аса пайдалы. Сондай-ақ, азық-түлікті арнайы дүкендер мен базарлардан сатып алу, тез бұзылатын азық-түліктерді (сүт пен сүт өнімдерін, етті, кремді кондитерлік өнімдерді, дайын және араластырылған салатты) өзіңізбен бірге алып шықпаған абзал. Ірі еттерді, құстың етін, жұмыртқаны әбден қайнатып немесе қуырып алған жөн. Қолданар алдында көкөністерді, жеміс-жидектерді жақсылап жуған дұрыс. Ауыз суын немесе қайнатылған суды тұтыныңыз. Су қоймаларындағы суды пайдаланбаңыз. Қолыңызды жуыңыз немесе бактерияға қарсы әсері бар заларсыздандыратын дымқыл майлықты қолданыңыз.
Қазақ атам «сақтықта қорлық жоқ» деп бекер айтпаса керек. Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда.
А.ШАЙМАНОВА,
ҚР ДСМ ҚДСК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қармақшы аудандық бөлімшесінің Бактериологиялық зертхананың лаборанты.

09 қазан 2018 ж. 1 878 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031