» » Тері ауруы тез тарайды

Тері ауруы тез тарайды

qarmaqshy-tany.kz Аудан бойынша жыл басынан дерматомикоз ауруы өршу үстінде. Бүгінгі күнге дейін 8 жағдай тіркеліп отыр. Кәсіби құрамына бөлетін болсақ, 14 жасқа дейінгі мектеп оқушылар арасынан 5 жағдай, 1 студент, 2 үй баласы. Өткен жылдың қорытындысымен 15 жағдай тіркелген болатын. Эпидемиологиялық зерттеу барысында, аурудың жұғу көзі үй жануарларынан (мысық, ит) жұқтырылған. Қазіргі таңда өткен жылы тіркелген 15 науқас толықтай сауығып, жыл басынан тіркелген 8 науқас кезекті ем- шараларын алуда. Аурудың алдын алу мақсатында, жалпы дерматомикоз ауруына тоқтала өтсек.
Дерматомикоз – бұл адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін дерматофит саңырауқұлақтары тудыратын терінің және оның қосалқы беткі бөліктерінің зақымдануы. Ересек адамдар да, балалар да дерматомикозбен ауырады. Инфекция көзі ауру адамдар, үй жануарлары және жабайы кеміргіштер болып табылады. Ол күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар (тарақ, жөке, киім және т.б.) арқылы ауру адаммен байланыс орнатқанда, үй жануары және қаңғыбас жануарларды күту кезінде жұғуы ықтимал. Адамдар сонымен қатар, көпшілікке қызмет ететін мекемелерге барғанда (сауна, жасанды су қоймасы, монша, шаштараз, спорт кешендері), жеке гигиенаны сақтамағанда, ауру адамның тарағы, сүлгісі, бас киімдері, аяқ киімі, жөкесі тәрізді жеке заттарын қолдану барысында жұқтырады. Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану), тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.
Ауру анықталған уақытта оны ерте емдеу, ауру ошақтарындағы сапалы дезинфекция болып табылады. Дерматомикоздың басты белгілері: терідегі гиперемияланған жерлер, аяқ-қол тырнақтарының пластинкаларындағы патологиялық өзгерістер, теріде қызарған дақтардың, қабыршақтар мен бөртпе, көпіршіктердің пайда болуы, баздану, дененің қышуы, ашуы. Аурудың алдын алу іс-шаралары: жеке гигиеналық заттарды қолдану, қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолды мұқият сабынмен жуу. Қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру. Егер сіздің айналаңызда тері ауруымен ауыратындар болса, жеке гигиеналық тазалыққа көңіл бөлу.
Дерматомикоздың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дерматологқа көріну керек екендігін есте сақтаңыздар!
Гүльфараз ЖҰМАБЕКОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы

14 ақпан 2023 ж. 781 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031