» » Вирусты гепатиттің алдын алу шаралары

Вирусты гепатиттің алдын алу шаралары

qarmaqshy-tany.kz Вирусты гепатит А ауруы бұл дүниежүзінде кең тараған инфекциялардың бірі. Сырқат көбінесе балалар арасында тарайды. Гепатит А түрінің ерекшелігі: 14 жасқа дейінгі балалар ауырады. Дер кезінде дәрігерге қаралып, емделсе, толығынан айығады. Күз мезгілі басталғаннан бастап ауру саны өседі.
Өткен жыл қортындысымен аудан бойынша гепатит А түрімен 3-науқас есепке алынды. 3-еуі де Жосалы кентінің тұрғындары, мектеп оқушылары. Барлық тіркелген ошақтар бойынша індетке қарсы іс-шаралар толығымен жүргізіліп, гепатит ауруының алдын алу шараларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тіркелген науқастар сауықтырылды, 1 науқас емін аудандық ауруханада алса, қалған 2 науқас үй жағдайында амбулаторлық түрде ем-дом қабылдады.
Аурудың таралуы: А вирусты гепатиттің балалар арасында жұқтыру қаупін кейбір зиянды әдеттер ұлғайта түседі. Олар тамақты бөлісу, бір бөтелкеден су ішу, кітапты парақтағанда саусақты шылау, қарындаш, қалам, тырнақты тістеп, ауызға салу. Тұрмыстық қатынас, су, тамақ арқылы, тарауы мүмкін. Эпидемиологиясы: таралуы өте кең типті инфекциялық ауру. Инфекция көзі болып, әртүрлі клиникалық түрімен ауыратындар табылады. Ауырған адамдардан вирус сыртқы ортаға нәжіспен бөлінеді. Инкубациялық кезеңнің аяғынан бастап сырқаттың басталуына 7-10 күн қалғанда. Вирус сарғаю кезеңінің алғашқы күндерінде 1 аптаға дейін нәжіспен сыртқа бөлінеді. Берілу механизмі 95% жағдайда фекальді-оральді жол арқылы беріледі.
Клиникасына тоқталсақ:
1. инкубациялық;
2. сарғаю алдындағы кезең;
3. сарғаю;
4. реконволистенция (жазылу).
Инкубациялық кезеңі 7-50 күнге дейін созылады. Орташа ұзақтығы 35 күнді құрайды.
Сарғаю алдындағы кезең 2-3 күннен 2-3 аптаға дейін созылуға тиіс.
Сырқат жедел басталады, температурасы 38-390 С, әлсіздік, ұйқысыздық, бас айналу, тәбетінің төмендеуі, 2-3 күні жүрек айну, құсу белгілері болады, науқас жайсыздықты сезінеді. Сарғаю пайда болғаннан бастап 2-3 күн бұрын зәрдің қою түске айналуы байқалады. Содан кейін ғана склералар сарғайып, көзге түсетін сарғаю кезеңі басталады. Сарғаю пайда бола салысымен интоксикация белгілері жойылады немесе олардың интенсивтілігі азаяды. Сарғаю кезеңнің аяғында немесе басында бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Зәрі одан сайын қоңырланып, нәжісі бозғылт түсті болады. Ұзақтығы 2-4 аптаға созылады.
Емі: ауырлығына байланысты жүргізіледі. Жеңіл түрлерінде үйде, егер эпидемиологиялық қауіптілігі болмаса. Орташа ауыр және ауыр түрлерінде ауруханада емделуі тиіс.
Алдын алуы шаралары: ең тиімді әдіс вакцинация. Вакцинация тиімді әсер береді. Гепатит А-ға қарсы: екі жастағы балалар және науқаспен ошақта байланыста болған он төрт жасқа дейінгі адамдар егіледі. Егу курсы арасына 6 ай салып, 2 рет егіледі.
Сонымен қатар, ВГА-ның алдын алуда жеке бас тазалығына аса мән берген жөн. Дәретханадан соң тамақтанар алдында қолды сабындап жуу, қайнатылған су ішу, көкөніс пен жеміс-жидекті мұқият жуып, жеу, тек шомылуға болатын жерлерде суға түсу (шомылғанда суды жұтып қоймауды қадағалау), жеке заттарды тұтыну кезінде ыдысты, үй-жай, мектепті таза ұстау, салауатты өмір салтын ұстану қажет.
Б.ЕРКЕБАЕВА,
аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы
25 қаңтар 2023 ж. 791 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031