» » Вирусты гепатитті қалай алдын-алуға болады?

Вирусты гепатитті қалай алдын-алуға болады?

Вирусты гепатит ішек-қарынның жіті ауруларына жатады. Сау адамға тек науқас адам арқылы жұғады. Гепатиттің тарауына үлкен себепші – ол вируспен залалданған су. Халық ауызсу ретінде және шаруашылыққа пайдаланып отырған ашық су қоймалары да бұған себепші болады.


Мұндай жағдайлар су құбырларын жөндеген кездері вируспен залалданған судың су желісіне еніп кетуі арқылы бой алады.Гепатит вирусы адам ағзасына түскен кезде 10-45 күн бойына, яғни инкубациялық кезеңде аурудың ешқандай белгілерін көрсетпейді. Ол әр түрлі түрде дамиды. Науқас адамдар ішінің бұрап ауыратынын, іштің оң жақ бөлігі мен ұйқы безінің тұсы ісініп тұратынын, іші кеуіп кететінін, тәбетінің төмендейтінін, майлы тамаққа қарай алмайтындықтарын, жүрегі айнып, кейде құсатындарын және шамалы іш өту мен іш жүрмейтін кездері болатынын айтады. Сондай-ақ ауыздарына запыранның дәмі келіп, зәрлерінің түсі қошқылданады. Кейінірек нәжісінің де түсі өзгереді: оның түсі ағарып, сарғылт сұр түске боялады, саз іспетті болады. Осы бастапқы кезеңінде-ақ тексеріс барысында бауырының көлемі ұлғаяды, кейде көкбауыры да үлкейеді.Ауру басталғанына 7-12 күн болғанда адамның терісі сарғая бастайды. Көз аққабығы, таңдайы, одан кейін кеуде тұсы мен қарын, одан кейінірек бетінің, аяқ-қолының терісі сарғаяды.Вирусты гепатитті жұқтырмау үшін үй ішін таза ұстау керек. Азық-түлікті төменгі температурада, жақсылап орап сақтау керек, жеміс-жидекті жақсылап жуып жеу керек, тамақты дұрыс пісіріп, дұрыс қуыру керек.Жаппай ауырып қалмау үшін суды үнемі қайнатып ішу керек, не үлкен ұжымдық ұйымдарды: бала бақшаларды, мектептерді және т.б. сумен дұрыс қамтамасыз ету керек. Вирусты гепатиттің алдын алудың мынадай қарапайым тәртіптерін үнемі есте ұстау қажет: дәретханадан кейін, тамақ ішер алдында үнемі қол жуу және тырнақты тазалықта ұстау.
06 ақпан 2020 ж. 1 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 307
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 768

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930