» » Ауданда ахуал тұрақты

Ауданда ахуал тұрақты


Қармақшы ауданы бойынша короновирусты инфекциясынан эпидемиологиялық ахуал «тұрақты» деп бағалануда. Ауданда ағымдағы жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін короновирусты инфекциясының 797 нақтыланған жағдайы тіркелді. Науқастардың 330-ы аурудың клиникалық белгілерімен тіркелсе, 467-і клиникалық белгілерінсіз тіркелгендер. Қазіргі таңда 5 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда, 1 науқас клиникалық белгілерінің болмауына байланысты 14 күнге үй карантиніне оқшауланды. 778 науқас ауруынан толық жазылып шықты (13 науқас негізгі ауруы бойынша қайтыс болды). Жас құрамы бойынша 14 жасқа дейінгі балалар арасында 42 жағдай, 15-18 жастағы жасөспірімдер арасында 42 жағдай тіркелсе, қалған 713 жағдай ересектер үлесінде.
Тіркелген науқастарды кәсіби құрамы бойынша талдасақ, ауршаңдылықтың ең жоғары көрсеткіші 494 жағдаймен жұмыссыздар (зейнеткерлер, мүгедектер, ұйымдаспаған балалар) үлесінде (62,2%), 303 жағдай жұмыс жасайтын қызметкерлер (мұғалімдер, медицина қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, т.б.) арасында тіркелген.
Ауданымызда ағымдағы жылдың 09 наурызынан бастап 18 жастан асқан тұрғындарды короновирусты инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталды. Орталық емхана жанынан арнайы егу кабинеті жасақталып, күнделікті үзіліссіз, демалыссыз егу жұмыстарын жүргізуде.Бүгінгі күні аудан бойынша 17070 тұрғын екпе алуға жоспарланып, 1 тур вакцинамен 19299 азамат (113%), 2 тур вакцинамен 16539 азамат (96,8%) егілді.
Ауданымызда 22.12.2021ж. күннен «Короновирустық  инфекцияның  алдын  алударевакцинация  жұмыстары   жүргізілуде 900 доза вакцина  әкелініп  бүгінгі  күнге  бірінші  кезекте  медицина  қызметкерлері – 30, полиция қызметкерлері – 15, сонымен  қатар  санитариялық эпидемиологиялық бақылау  басқармасының – 14 қызметкерлері ревацинациямен  толық  қамтылды.
Қараша айының 18 күні ауданымызға облыстық қоймадан 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, 16-37 аптадағы жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді вакциналауға Пфайзер (Комирнати) вакцинасыжеткізілді. Аудан бойынша егілуге тиісті 2420 жасөспірім және 110 жүкті әйелдер жоспарланған. Бүгінгі күннің мәліметімен  1 турмен 246, 2 турмен 84 жасөспірімдер вакцинамен егілді.
Короновирусты инфекциясының алдын алуда Басқарма мамандарымен медицина қызметкерлерінің қатысуымен 18 семинар-тренингтер өткізілді. Жасөспірімдердің ата- аналарына түсіндірме жүргізу мақсатында 29 мектепте және кешкі мектеп пен колледжде кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Кездесуге барлығы 847 ата- аналар қатысып, сұрақтарға жауап берілді.
Аурушаңдылық деңгейін төмендету және аудан тұрғындарын құлақтандыру мақсатында аудандық «Қармақшы таңы» газетінде КВИ сақтану шаралары және вакцинаның маңыздылығы туралы 12 мақала жарияланды. Фейзбук әлеуметтік желісінде вакцина туралы ақпараттық материалдар күнделікті жариялануда.
Аудан  тұрғындарының назарына Корновирустық  инфекциядан  қорғану, ауырмау  үшін бірінші  кезекте вакцина алу  керектігін ескерте  отырып өз  денсаулықтарыңызды  сақтауға  шақырамыз.
Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы Г.Төлепбергенова
23 желтоқсан 2021 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031