» » Індет қаупі сейілмей тұр

Індет қаупі сейілмей тұр



Әлемді жайлаған індеттің беті қайтқан жоқ. Демек, босаңсуға әлі ерте деген сөз. Қазір Қазақстанда ғана емес, әлемде коронавирус инфекциясының дүрбелеңі әлі басылмай тұр. Мамандар түрлі болжам жасағанымен, жұқпалы індеттің нақты қай уақытта тоқтайтынын дөп басып айта алмайды. Сондықтан бізге әлі де арқаны кеңге салатын кез келген жоқ.
Карантин талаптарын орындап, тәртіпке бағынып, сақтық шараларын естен шығаруға болмайды. Қазір көбі көшеде бетпердесіз жүр. Одан өзге де қауіпсіздік шараларын ұмытқан сыңайлы. Бұл өзіміздің өмірімізге қауіпті екенін есте ұстағанымыз жөн.
Ауданның ахуалына тоқталсақ, осы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін коронавирусты инфекциясының 223 жағдайы тіркелген. Ауруға шал­дыққандардың 43 процентінде (96 жағдай) клиникалық белгілер болса, 57 (127 жағдай) процентінде клиникалық белгілер жоқ. Қазіргі уақытта аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміндегі арнайы бокс палаталарда 21 науқас ем алуда. Ал 26 науқас аурудың клиникалық белгілерінің болмауына байланыс­ты үй карантиніне оқшауланған. 172 науқас толық айығып, үйлеріне шығарылған.
 Ал жұқтыру дерегіне келсек,­ коронавирус инфекциясына шалдық­қандардың 4,4 проценті (10 жағдай) сырттан тасымалданған, 43,4 проценті (97 жағдай) науқаспен қарым-қатынас арқылы, ал 52,0 проценті (116 жағдай) скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған. Ауданда барлығы өсу деңгейімен 123 ошақ есепке алынса, оның 21-і белсенді ошақтар.
– Облыста коронавирус инфек­циясы маусым айының 16-шы жұлдызынан бастап қайта бас көтеріп, ауру саны тәулігіне 84 жағдайға дейін өсуіне байланысты облысымыз бүгінгі күні «қызыл» аймақтағы өңірлер қатарына еніп отыр. Ауданда да науқастар саны күн сайын күрт артуда. Ағымдағы жылдың 27 маусымында коронавирустан нақтыланған 22 науқастың сынамалары республикаға жолданып, нәтижесінде 13 анализден «ҮНДІ» штаммының серотипі анықталып отыр, – дейді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Гүлнар Төлепбергенова.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша «Дельта штаммы» әлемнің 200-ге жуық  елінде анықталған. «Дельта» штаммның жұғу жылдамдығы алдыңғыларға қарағанда 60 процентке жоғары және инкубациялық кезеңі де 2 есеге қысқа. Яғни қысқа мерзімде науқастар клиникалық белгілерімен тіпті, ауыр жағдайда ауруханаға түсуде, өлім-жітім көр­сеткіштері де жоғарылап келеді. Аурудың алдын алудың ең тиімді жолы бұл вакцинаның І-ші кезеңімен қамтылған контингенттерді максималды мерзімді күттірмей жедел ІІ-ші кезеңмен қамту. Себебі ДДСҰ-ның нұсқаулығы бойынша екпенің 2 кезеңінің арасы неғұрлым қашықтаған сайын аталған штамм сезімталдығын жою мүмкіндігі ұлғая түседі. Сондықтан вакцинаның инс­трукциясында көрсеткен минималды 14-21 күннен кейін егумен қамту қажет.
– Екпе жұмыстары бойынша ауданда  барлығы 12055 адам 1-ші турмен, 7858  адам 2-ші турмен егіліп, халықтың 57,7 проценті егумен қамтылған. Аудан бойынша коронавирус инфекциясына қарсы егілгендер арасында жыл басынан бүгінгі күнге дейін 2 адам ауруға шалдықты. Бұл дегеніміз егу жұмыстары өз кезегінде тиімділігін көрсетуде. Әрбір тұрғынның өз денсаулығы мен жақындарының өміріне аса сақ­тықпен, жауапкершілікпен қарауын сұраймыз. Аурудан қорғану мен ауруханаға жатудан аман қалудың бірден-бір жолы вирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алу екенін жеткізе отырып, аудан халқын бірауыздан ерікті түрде вакцина алуға шақырамыз, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Г.Төлепбергенова.
«Тәртіпке бас иген құл болмайды» демекші, сақтық шарасын сақтауымыз керек. Әлеуметтік желідегі қаңқу сөздер мен бейресми ақпараттарға еріп, өмірімізге, болашағымызға өз қолымызбен балта шауып жүрмейік.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

20 шілде 2021 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031