» » Тәртіпке бағынып, тосқауыл болайық

Тәртіпке бағынып, тосқауыл болайық

Жаһанды жайлаған коронавирус дүниежүзі елдеріне оңайға соқпай тұр. Дүниені дүрбелеңге салып, қорқыныш құшағына ораған коронавирус індетінің қаупі әлі де сейіле қойған жоқ. Аты жаман аурумен арпалысқанымызға да міне, бір жылдан асып кетті. Өкінішке орай, қатерлі дерт қайта күшейіп келеді. Елімізде бір күнде 18 адам коронавирустан қайтыс болса, соңғы тәулікте 1921 адамнан вирус анықталған. Қазіргі уақытта 27 836 адам коронавирустан емделіп жатыр. 452 науқастың жағдайы ауыр. 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. Бұған қоса жаһанды жайлаған қауіпті індеттің мутацияға ұшырауы да халықты алаңдатып тұр.
«Үкімет отандық вакцинаны шығару және шет елден әкелу ар­қылы сәуір айында жағдайды күрт өзгертуге тиіс. Барлық азаматтарымызды вак­цина салдыруға шақырамын. Бұл өзіңіздің, ата-аналарыңыз бен жақындарыңыздың сақтығы үшін қажет» деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. Мемлекет басшысының айтуынша ҚХР, Израиль, БАӘ тәжірибесі екпе ектірудің ойластырылған стратегиясы мен локдауннан шығу ғана азаматтарымыздың күнделікті өмірін қалпына келтіруге және экономиканың барлық секторының, оның ішінде, пандемиядан зардап шеккен салаларды қайта жандандыруға жол ашатынын көрсетіп отыр.
Иә, мемлекет басшысы вакцинация – қиын жағдайдан шығудың бірден-бір жолы екенін баса айтты. Бүгін­де вакцинаның 1 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 122 701 адам. Ал 2 компонентін алу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.
Ал ауданда жағдай қалай? Бұл туралы аудандық санитариялық-эпи­демиологиялық бақылау бас­қар­масы­нан сұраған едік.
– Бүгінде аудандағы эпидахуал жағдайы тұрақты. Жыл басынан бері 18 адам КВИ жұқтырды. Оның 6-уы симптомды болса, 12-сі симптомсыз. Олардың 13 жазылып шықса, 1-еуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда, ал 1-еуі аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесінің бокс палатасында жатыр. Ал қалған 3-еуі үй жағдайында ем қабылдауда. Ал екпенің жайына келер болсақ, бүгінде аудан бойынша 1 компонентті 180 адам алса, 2 компонентті 160 адам алды. Алдағы уақытта 10 адам алатын болады. Екпе алушылардың басым көпшілігі – медицина қызметкерлері, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.
Мұнан өзге ауданда карантин талаптарын бұзған 30 тұлғаға айыппұл салынған. Оның ішінде 2-еуі жеке кәсіпкер, қалғаны жеке тұлғалар. Жалпы айыппұл көлемі – 2 187 750 теңгені құрайды.
Бізге сақтық ережесін сақтамауға әсте болмайды. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты енгізілген карантиндік талаптардың сақтал­мауының әсерінен осындай жағ­дай орын алып отыр. Ең әуелі өз денсаулығымызды ғана емес, отбасындағы жақындарымыздың, балалардың саулығын ойлау қажет. Әрине, саулық – сақтықта.
Тәртіпке бағынып, сақтық шараларын орындау ең алдымен өзіміздің бас амандығымыз үшін керек. Босаңсуға мүлде болмайды. Тұрғындар бетперделік режим мен сақтық шарасын қатаң сақтап, ережеге бағынуы керек. Індеттің шарықтауына бей-жай қарамай, оның өршуіне сіз болып, біз болып тосқауыл болайық!

Ақнұр САҒЫНТАЙ
06 сәуір 2021 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031