» » Ауданда ахуал тұрақты

Ауданда ахуал тұрақты


ЕКПЕ, ЕКПЕ, ТАҒЫ ДА ЕКПЕ. ДЕНСАУЛЫҒЫН ОЙЛАП ВАКЦИНА АЛЫП, ИММУНИТЕТІН КӨТЕРГЕНДЕР АРАМЫЗДА ҚАНШАМА?! АЛМАҒАНЫ ӘЛІ ДЕ АЛЫП ЖАТЫР. ҚОШ. ІНДЕТ, ВАКЦИНА, ЖАЛПЫ АУДАНДАҒЫ АХУАЛ ҚАНДАЙ? МАМАНДАРДАН СҰРАП БІЛДІК.
Олардың айтуынша, 14 қазан күнгі мәлімет бойынша аудандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Ал аймақ қыркүйек айының соңында аурушаңдылық көрсеткіші бойынша «жасыл» аймақтар қатарына енген. Ауданда қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 750 нақтыланған жағдайы тіркелген. Аурушаңдылықтың ең жоғарғы көрсеткіші тамыз айына сәйкес келіпті. Мәселен, қаңтар – 9, ақпан – 3, наурыз – 3, сәуір – 75, мамыр – 68, маусым – 15, шілде – 180, тамыз – 258, қыркүйек – 122, қазан бүгінгі күнге дейін – 17. Қазіргі таңда 3 науқас аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатса, 23 науқас клиникалық белгілерінің болмауына байланысты 14 күнге үй карантиніне оқшауланған. 713 науқас толық жазылып шықса, 11 науқас негізгі ауруы бойынша қайтыс болған.
– Ауданда ағымдағы жылдың 9 наурызынан бастап вирусқа қарсы егу жұмыстары жүргізіліп келеді. Орталық емхана жанынан арнайы егу кабинеті жасақталып, күнделікті сағат 8.00-20.00-ге дейін үзіліссіз, демалыссыз егу жұмыстарын жүргізуде. Осыған дейін ауданға 17 070 доза вакцина жеткізіліп, ол 101,2 процентке орындалды. Аудан тұрғындары ГамКовидВак, Хаят-Вак, КазКаронаВак, СиноВак екпелерімен вакциналануда. Халық арасында қауіпті топқа жататын контингенттер мен Д есепте тұратын аудан тұрғындары екпе алды. Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықта екі кезеңмен енгізеді. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланыс­ты қысқа қорғаныс әсерін берсе, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам ор­ганизміндегі аурумен күресетін антиденелер саны артады. Дегенмен вакцина алғаннан кейін босаңсымай барлық сақтық шараларын жасау керек, – дейді ауданның бас санитар дәрігері Гүлнар Төлепбергенова.
Әрі ол халық арасында ұжымдық им­мунитетті қалыптастырмай, бұрынғыдай еркін жүруге әзірге болмайды дегенді айтады. Иә, ұжымдық иммунитет халықтың 100 проценті екпе алып, аурудың жаңа жағдайларын тіркеу төмендегенде қалыптасады. Сондықтан мамандар аудан тұрғындарын аурудың алдын алу және таралуын болдырмаудың бірден-бір жолы – вакцинация екенін айта отырып, КВИ-ға қарсы екпе алмаған азаматтарды екпе алуға шақырады.
Айта кеткен жөн, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында вакцинацияланған азаматтар Ashyq қосым­шасында "жасыл" мәртебесін қандай жағ­дайларда жоғалтатыны жайында жазылған. Құжатта азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алғаннан кейін бірден "жасыл" мәртебе берілетіні ай­тылған. Бұл мәртебе оларда 21 күн бойы сақталатын болады. Егер осы уақыттан кейін адам екінші компонентті алмаса, оның мәртебесі автоматты түрде "көкке" ауыстырылады.
Ал COVID-19-ға қарсы толық вакциналау курсынан өткендер үшін "жасыл" мәртебе бір жыл бойы сақталады. "Сары" статусы бар (науқастармен байланыста болған) адамдар вирус жұқтырған адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң "көк" түске ауыстырылады.
Айнұр ӘЛИ
16 қазан 2021 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031