» » Екпе ал да, сыйлық ұт!

Екпе ал да, сыйлық ұт!


Аудан бойынша 2021 жылдың басынан бүгінгі дейін коронавирус инфекциясынан нақтыланған 684 жағдай тіркелген.  Ауруға шалдыққандардың 43 проценті (300 жағдай) клиникалық белгілермен, 57  проценті клиникалық белгілсіз тіркелген (384 жағдай). Қазіргі уақытта аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміндегі арнайы бокс палаталарда 12 науқас, Ақай ауылдық ауруханасынан ашылған провизорлық орталықта 4 науқас ем алып жатса, 51 науқас аурудың клиникалық белгілерінің болмауына байланысты үй карантиніне оқшауланған. 608 науқас аурудан толық айығып, үйлеріне шығарылған.
Ауданда коронавирус инфекциясы маусым айынан бастап қайта бас көтеріп, ауру саны тәулігіне 34 жағдайға дейін өсуіне байланысты облысымыз «қызыл» аймақтағы өңірлер қатарына енген болатын. Қыркүйек айынан бастап аурудың тіркелу тенденциясы бәсеңдеп «сары» аймақ қатарына ауысты. Соған қарамастан, ауданымызда жаңа жағдайлар саны тұрақты түрде артуда. Ағымдағы жылдың 27-ші маусымында облыстан коронавирустан нақтыланған 22 науқастың сынамалары республикаға жолданып, нәтижесінде 13 анализден «ҮНДІ» штаммасының серотипі анықталған. «Дельта» штаммның жұғу жылдамдығы алдыңғыларға қарағанда 60 процентке жоғары және инкубациялық кезеңі де 2 есеге қысқа. Яғни, қысқа мерзімде науқастар клиникалық белгілерімен тіпті ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, өлім-жітім көрсеткіштерінің жоғарылауына себепші болуда.
Аурудың алдын алу және таралуын болдырмаудың ең тиімді жолы бұл – вакцинация. Вакцинаның 1-ші кезеңімен қамтылған контингенттерді максималды мерзімді күттірмей жедел 2-ші кезеңмен қамту аурудың алдын алудағы ең тиімді жолы болып есептеледі дейді дәрігерлер. Себебі ДДСҰ-ның нұсқаулығы бойынша екпенің 2 кезеңінің арасы неғұрлым қашықтаған сайын аталған штамм сезімталдығын жою мүмкіндігі ұлғая түседі. Сондықтан, вакцинаның инструкциясында көрсеткен минималды 14-21 күннен кейін егумен қамту қажет.
Екпе жұмыстары бойынша ауданда 17070 азамат екпе алуға жоспарланып, 15512 адам 1-ші турмен, 12612 азамат 2-ші турмен егіліп, егілуге жататын тиісті  контингенттердің (жүкті әйелдер, емізетін әйелдер және вакцинаға тұрақты қарсы көрсетілімі барларды қоспағанда) 90,8 проценті егумен қамтылған.
Қазіргі таңда аудан тұрғындарына Ресей Федерациясында өндірілген «Спутник V», Қазақстанда жасалған «ГамКовидВак», Біріккен Араб Әмірлігінің өндірісінен «Хаят Вак», Қытай елінде өндірілген «СиноВак» вакциналарымен екпе жүргізілуде.
Коронавирус инфекциясына қарсы егілгендер арасында наурыз айынан бастап бүгінгі дейін 28 адам ауруға шалдыққан. Науқастардың барлығында аурудың клиникалық белгілері болмаған. Бұл дегеніміз егу жұмыстары өз кезегінде тиімділігін көрсетуде. Дегенмен егілуге тиісті контингенттердің ішінде зейнеткерлер, жұмыссыздар арасында вакцина алу белсенділігі төмен.
– Аурудың күннен күнге көбейіп жатқанын көріп те, біліп те жүрміз. Қатарымыз да сиреп барады. Дегенмен бір күн өмір сүрсең де  ауырмай отырғанға не жетеді. Біздің организміміз балалардыкіндей. Тез қабылдап, үп етсе ауруға бейім тұрамыз. Аталған кеселді жұқтырып алмас үшін ардагерлерді вакцина алуға шақырамын дейді, – ерікті түрде екпе алған еңбек ардагері Сәду Шалабаев.
– ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес карантин уақыты кезінде отбасылық, естелік, тойлар (үйлену тойы, мерейтойлар) және еске алулар өткізуге тыйым салынған. Осыған байланысты аудан тұрғындарын адам көп шоғырланған жерлерге бармауын, маскалық режимді қатаң сақтау қажеттігін хабарлаймыз. Әрбір тұрғынның өз денсаулығы мен жақындарының өміріне аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарауын сұраймыз. Аурудан қорғану мен ауруханаға жатудан аман қалудың бірден бір жолы вирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алу екенін жеткізе отырып, аудан халқын бір ауыздан ерікті түрде вакцина алуға шақырамыз, –  дейді ауданның бас санитар дәрігерінің орынбасары Ақбота Әбжаппарова.
Айта кеткен жөн, аудандық жастар ресурстық орталығы және ерікті жастардың бастамасымен аудандағы жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 9 қыркүйек пен 30 қазан аралығында екпе алғандар арасында «Екпе ал да, сыйлық ұтып ал!» атты науқаны басталды. Екпе алу аудандық емхана орталығында орналасқан вакцина егу пуктінде жүзеге асырылады. Екпе алушыларға жеңімпазды анықтайтын бірегей код беріледі. Жеңімпаздар әлеуметтік желілерде тікелей эфирде «RandSluff.ru» бағдарламасымен бірегей кодтарды кездейсоқ таңдау арқылы анықталады. Жеңімпаздарға бағалы жүлде қоры тағайындалған.
Г.ӘМІРҚЫЗЫ
21 қыркүйек 2021 ж. 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031