Ресейде бір тәулікте 467 адам коронавирустан қайтыс болған
Ресейде өткен бір тәулікте 24 822 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған деп хабарлайды стопкоронавирус.рф. 2020 жылдың 20 қарашасында Ресейде 24 822 жаңа COVID-19 инфекциясы жағдай тіркелді. Сондай-ақ 467 науқас қайтыс болған. Пандемия басталғалы бері мұнда 2 064 748 ресейліктен коронавирус анықталған. Соның ішінде 1 577 435 адам аурудан айығып шықса, тағы 35 778 пациент вирустың құрбанына айналған. Іndex.minfin.com.ua сайтының жазуынша, Украинада да бір тәулік ішінде тағы 14 580 жағдай расталған. Бұл аталған мемлекетте максималды өсім болып саналады. Бұл елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 612 665 адамға жетті. Олардың 10 813-і қайтыс болып, 282 313-і аурудан жазылған. Еске сала кетсек, елімізде соңғы тәулікте 822 адамнан коронавирус табылды. Осылайша ел бойынша ауру жұқтырғандардың жалпы саны 124 710-ге жетті.Автор: Нұр Төребек















