Мәслихаттар сайлауы
» » Шиелі ауданында коронавирус жұқтырғандар саны 50-ден асты

Шиелі ауданында коронавирус жұқтырғандар саны 50-ден асты

Бүгін Қызылорда облысында 7 адам «COVID-19» инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Ауру жұқтырғандардың бесеуі - Шиелі ауданында, біреуі - Сырдария ауданында және бір жағдай Қызылорда қаласында тіркелген.
Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

9 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясына шалдыққан 92 адам бар:
Қызылорда қаласында – 10

Жаңақорған ауданында – 16

Қармақшы ауданында – 4

Шиелі ауданында – 52

Сырдария ауданында – 8

Арал ауданында - 2.


09 сәуір 2020 ж. 1 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

13 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 338
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 469

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30