» » Ревакцинация: қорғанысты күшейтеміз

Ревакцинация: қорғанысты күшейтеміз


Дүниені дүрбелеңге салып, қорқыныш құшағына ораған коронавирус індетінің қаупі әлі де сейіле қойған жоқ. Аты жаман аурумен арпалысқанымызға да міне, екі жылға жуықтады. Осы аралықта «вирус», «вакцина» сөздері  үйреншікті болып, өмірімізге еніп кетті. Онымен қоса «ревакцинация» термині пайда болып, ауданда алғашқы егу жұмыстары басталды. Ахуалды білмекке мамандарға жүгіндік.
Олардың айтуынша, аудан бойынша короновирусты инфекциясынан эпидемиологиялық ахуал «тұрақты» деп бағалануда. Ауданда ағымдағы жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін коронавируспен 797 нақтыланған жағдайы тіркелген. Науқастардың 330-ы аурудың клиникалық белгілерімен тіркелсе, 467-і клиникалық белгілерінсіз тіркелгендер. Қазіргі таңда 5 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда. Ал 1 науқас клиникалық белгілерінің болмауына байланысты 14 күнге үй карантиніне оқшауланған. 778 науқас ауруынан толық жазылып шығыпты. Оның ішінде 13 науқас негізгі ауруы бойынша қайтыс болған.
–  Жас құрамы бойынша 14 жасқа дейінгі балалар арасында 42 жағдай, 15-18 жастағы жасөспірімдер арасында 42 жағдай тіркелсе, қалған 713 жағдай ересектер. Тіркелген науқастарды кәсіби құрамы бойынша талдасақ, ауршаңдылықтың ең жоғары көрсеткіші 494 жағдаймен жұмыссыздар, яки  зейнеткерлер, мүгедектер, ұйымдаспаған балалар үлесінде (62,2%), 303 жағдай жұмыс жасайтын қызметкерлер, мұғалімдер, медицина қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және тағы да басқасы арасында тіркелді, –  дейді мамандар.
Ауданда биыл 9 наурыздан бастап 18 жастан асқан тұрғындарға короновирусты инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталды. Орталық емхана жанынан арнайы егу кабинеті жасақталып, күнделікті үзіліссіз, демалыссыз егу жұмыстарын жүргізілуде. Бүгінгі күні аудан бойынша, 17 070 тұрғын екпе алуға жоспарланып, І тур вакцинамен 19 299 азамат (113%), ІІ тур вакцинамен 16 539 азамат (96,8%) егілген.
– ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 07.12.2021ж №46 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап республика тұрғындарын КВИ қарсы ревакцинациялау жұмыстары басталды. Ауданға 22 желтоқсан күні ревакцинация  жұмыстарын жүргізуге 900 доза КазВак вакцинасы әкелініп, бүгінгі күнге бірінші кезекте осал топтарға жататын топтар, яғни 30 медицина қызметкерлері, 15 полиция қызметкерлері , сонымен қатар 14 санитариялық эпидемиологиялық бақылау  басқармасының мамандары ревакцинациядан өтті. Аудан  тұрғындарына корновирустық  инфекциядан  қорғану, ауырмау үшін бірінші кезекте вакцина алу керегін ескерте отырып, өз денсаулығын сақтауға шақырамыз, – дейді аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова.
Айта кеткен жөн, 18 қараша ауданға облыстық қоймадан 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, 16-37 аптадағы жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді вакциналауға Пфайзер (Комирнати) вакцинасы жеткізілді. Аудан бойынша егілуге тиісті 2 420 жасөспірім және 110 жүкті әйелдер жоспарланған. 23 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, І турмен 246, ІІ турмен 84 жасөспірім вакцинцияланған.
Айнұр ӘЛИ
28 желтоқсан 2021 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031