» » Дерматомикоз ауруының алдын алайық

Дерматомикоз ауруының алдын алайық

qarmaqshy-tany.kz  ДЕРМАТОФИТИЯ – ШАШТЫ, ТЕРІНІ, ТЫРНАҚТЫ, АЯҚТЫ, ШАПТЫҢ МАҢАЙЫН ЖӘНЕ БЕТТІ ЗАҚЫМДАЙТЫН МИКОЗДЫ ЖҰҚПА, ОЛ ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ТЕМІРЕТКІ ДЕГЕН АТПЕН БЕЛГІЛІ. АУДАН БОЙЫНША ЖЫЛ БАСЫНАН ДЕРМАТОМИКОЗ АУРУЫ ӨРШУ ҮСТІНДЕ. АУДАНДАР ДЕҢГЕЙІНДЕГІ АУРУШАҢДЫҚ КӨРСЕТКІШІ АУДАН БОЙЫНША ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ.
Бүгінгі күнге дейін бұл аурумен 23 жағдай тіркеліп отыр, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 26,5 пайызды құрауда. Дерматофития өте жылдам жұғатын және тез таралатын тері ауруы. Бұл аурумен көбінесе балалар ауырады, аурушаңдық деңгейінің өсуі күз-қыс айларында байқалады. Дерматофития ауруының өзі 2 түрге бөлінеді: икроспория және трихофития. Микроспория инфекциясымен көбіне балалар ауырады. Кәсіби құрамына қарай, 23 жағдайдың 1-еуі студент, 2-еуі жұмысшы, 1-еуі жұмыссыз, 6-ауы үй баласы, 13-і оқушыдан тіркелген. Бүгінгі күнге дейін 8 мектептен тіркелген 13 жағдайды бөлетін болсақ, №269 мектептен 3 жағдай, №279, №99, №121, №250 мектептен 1 жағдай, №29, №105, №26 мектептен 2 жағдайдан тіркелген. Аурушаңдық бойынша аудандық Ұлттық сараптама орталығымен қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеу барысында, аурудың жұғу көзі үй жануарларынан (яғни мысық, ит) жұққан.
Қазіргі таңда басқарма тарапынан ҚР ДСМ 2022 жылғы 16 мамырдағы №44 бұйрығы «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жұмыстар атқарылады.
Аурудың жұғу жолдарына тоқталып өтсек:
– Қатынастық. Науқастың тері қабыршақтары, шаштары, ауру жұқтырған жануарлардың жүндері арқылы жұғады;
– Тұрмыстық. Науқастың бас киімі, төсек жамылғылары, тарағы, қайшысы және тағы да басқа жеке заттары арқылы жұғады;
– Ауру қоздырғыштары қоршаған ортаға өте төзімді келеді, олар киімге, төсек жамылғысына, кілемге және басқа да заттарға науқастың шаштарынан және тері қабыршақтарынан түсіп, бірнеше жылдар бойы сақталады, ауру қоздырғыштары сау адамның терісіне түскенде олар теміреткімен ауырады.
Ауру қалай байқалады?
Аурудың жасырын кезеңі – 1 аптадан 1 айға дейін. Шаштың арасында 1-2 домалақ немесе сопақша келген үлкен, қызғылт немесе алқызыл түсті қабыршақты жара пайда болады. Шаштың барлығы бір деңгейде (5-8 мм) қырқылып қалады және жылдам жұлынады. Беттің, дененің, аяқ-қолдың терісінде де домалақ, шеттері айқын көрінетін, білекше тәрізді қабынған дақ пайда болады. Жараның ортасында қабыршақтар байқалады. Бұл ауру 1-2 айға дейін ұзақ емдеуді талап етеді.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңызға теміреткіні жұқтырмау үшін келесі іс-шараларды орындау қажет:
– Балалардың қаңғыбас жануарлармен ойнауына жол бермеңіздер;
– Мысық пен итті асырап алғанда міндетті түрде мал дәрігеріне барып, жұқпалы тері ауруларына тексертіңіздер;
– Үй жануарларын ұстағанннан кейін міндетті түрде балалардың қолын сабындап жуғызыңыздар;
– Бөтен адамдардың бас киімдерін, тарақтарын, киімдерін, сүлгісін пайдаланбаңыздар;
– Спорттық кешендерден, шаштараздардан келгеннен кейін міндетті түрде жуыныңыздар;
– Теріде қабыршақты жара пайда болған жағдайда шаш түсіп немесе қырқыла бастаса міндетті түрде тері ауруын емдейтін дерматолог дәрігерге қаралыңыздар;
– Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда өздігіңізден емделмеңіз, арнаулы емді уақытында және дұрыс қабылдамаған жағдайда емделу ұзаққа созылады және теміреткі науқаспен қатынаста болған адамдарға да жұғуы мүмкін. Мұндай дерттен құлан таза жазылып кету үшін дәрігерге қаралып, ем қабылдаған дұрыс!
Гүлфараз ЖҰМАБЕКОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының эпидқадағалау бөлімінің жетекші маманы
28 қараша 2023 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 276

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 373

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930