» » Сарып ауруынан сақ болыңыз!

Сарып ауруынан сақ болыңыз!

Бруцеллез ауруы – жануарлар мен адамдарға ортақ, жануардан адамға жұғатын өте ауыр жұқпалы ауру. Бұл аурумен барлық ауыл шаруашылығы жəне үй жануарлары ауырады. Негізінен аурудың таралуында ұсақ жəне ірі қара мал маңызды рөл атқарады, əсіресе ұсақ малдар (қой мен ешкі) аурудың ауыр түрлерін таратады. Сарып қоздырғышы жануарлар ағзасында өмір сүріп, көбейеді жəне сыртқы ортаға сүт, зəр шығару, төлдеу мен түсік арқылы бөлінеді. Сыртқы ортада сарып қоздырғышы көпке дейін өмір сүреді. Адамдарға бұл ауру малдарға қарау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, ауру қоздырғышы бар ет, сүт жəне олардың өнімдерін (қайнатпай) тамаққа пайдаланудан жұғады.
Жыл басынан бері осы қауіпті аурумен ауырған науқас сандары артылып, бүгінгі күні аудан бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз қалыптасуда. Бүгінгі күнмен «сарып» ауруымен науқастанғандар саны – 19, олардың барлығының ауру жұқтыру көздері малдардан. Барлық науқастың үйінде жеке меншік малдары бар, барлығы да мал шаруашылығымен (мал жайғау, мал төлдету, жүн қырқу) айналысатындар. Тіркелген науқастардың малдарының басым көпшілігі іш тастаған малдары болып және науқастар мал төлдетуге тікелей қатысқан. Аудан бойынша тіркелген науқастардың 60 пайызы (11 жағдай) Ақтөбе елді мекенінен тіркеліп отыр. Ақжар ауылы және Қызылтам стансасынан тіркелген науқастар да аз емес. Олардың жас шамасына келетін болсақ, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны – 7, қалғандарының барлығы еңбекке қабілетті (18-50 жас аралығы) жас шамасындағылар. Кәсіби құрамға бөлетін болсақ, басым көпшілігі үй шаруашылығымен айналысатын, яғни жұмыссыздар, оқушылар және студенттер үлесінде. Ауырған науқастар 1 ауру ошағынан 1 науқас, 1 ауру ошағынан 2 науқас, тіпті 1 ауру ошағынан 3 науқасқа дейін ауырғандар да бар. Барлық науқастар облыстық және аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінен толық емдерін алып, ауруханадан шығарылды.
Індетке қарсы санитариялық шаралар басқарма тарапынан үздіксіз жалғасын табуда. Тіркелген әрбір науқас үй ошағына барып, эпид анамнез жүргізіп, үйіндегі қарым-қатынастағыларды «Сарып» ауруына тексертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үй ошағында асырайтын жануарлары, жеке меншігіндегі малдары бар-жоғын анықтап, малы бар болған жағдайда ветеринариялық қызметкерлер тарапынан тексертіп, мал қорасынан тексеруге сынамалар (қи, шөп, жүн, топырақ, су, сүт, т.б) алынып, облыстық зертханаға жолданады. Бүгінгі күнге дейін атқарылған іс-шаралар нәтижесінде тіркелген 4 науқасымыз алдыңғы тіркелген науқастардың қарым-қатынастағылар қатарындағылар, үй ошағындағы адамдарды сарыпқа тексеру барысында анықталды. Сонымен қатар, 1 науқасымыздың мал қорасынан алынған сынамалар қатарынан қи сынамасын «оң» нәтиже анықталуына байланысты ветеринариялық саласына хат жазылды және сол мал қорасына қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Науқастардың жеке меншігіндегі малдарынан да сарып ауруына «оң» нәтиже анықталуына байланысты малдарды сауықтыру үшін ауыл әкімінің шектеу шешімі шығарылып, осыған дейін Ақжар және Қармақшы ауылында малдарды сауықтыру жұмыстары жүргізіліп, сауықтырылды, ал Ақтөбе бойынша сауықтырылу жұмыстары жалғасын табуда. Ақтөбе ауылдық округінде малдарды сауықтыруға шектеу шешіміне байланысты барлығы 3753 мал (249 бас – мүйізді ірі қара мал, 3482 – уақ мал, 21– ит, 1 – мысық) тексеріліп, оның ішінде 464 малдан (5 – МІҚ, 459 – уақ мал) сарып ауруы анықталды. Барлық тексерілген малдардың 12,3 пайызынан ауру анықталып отыр. Ауру анықталған 464 бас малдың 346 бас малы санитариялық союға жіберілді, 114-і өлім-жітімге ұшырады. 4 бас малды санитариялық союға жұмыстар жүргізілуде.
Бруцеллез ауруының адамдарға жануарлардан жұғатыны айқын, сондықтан ауру малдарды сауықтырмайынша, адамға жұғу қауіптілігі арта түседі. Бруцеллез ауруының аса қауіптілігі – қоздырғышы адам ағзасында ұзақ мерзімде сақталатын, ауру аяғы мүгедектікке апарып соқтыратын, сонымен қатар бұл аурумен ауырған жастар мен жасөспірімдер болашағында бала көтермеу, ұрпақ қалдыра алмау қауіптілігімен алаңдатады. Аудан тұрғындарының аталған қауіпті дертке шалдықпас үшін алдын алу шараларын үнемі пайдаланып отырылуын сұраймыз!
Сарып ауруының негізгі алдын алу шаралары:
– Жануарлар күтіміне байланысты барлық жұмыстарды, әсіресе төлдеу науқанында арнайы қорғаныш киімдерін (арнайы киім, аяқ киім, қолғап) киіп жүргізу, бруцеллез ауруының алдын алу және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;
– жануарларға күтім жасайтын тұлғалар үшін жеке тазалық ережесін сақтау, сабынды ыстық сумен үнемі қолды жуу;
– жан-жауарларға күтім жасау ережелерін сақтау;
– Балаларды, жасөспірімдерді және жүкті әйелдерді араластырмау қажет;
– Иелігіндегі ауылшаруашылық жануарларының қанын жоспарлы түрде зертханалық тексеруден өткізу;
– Ветеринариялық анықтамасыз сүт және сүт өнімдерін бейберекет сауда орындарынан сатып алмау керек. Ілеспе құжаттары жоқ ет және сүт өнімдерін жабайы сауда орындарынан сатып алмау.
Сіз осы жоғарыда айтылған қарапайым талаптарды орындай отырып, өзіңізді, жанұяңызды бруцеллез ауруынан сақтай аласыз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы берік есте ұстағаныңыз жөн. Аурудың адамнан адамға емес, тек ауру малдан ғана жұғатынын есте ұстауыңыз керек.
Г.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
23 қараша 2023 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031