» » Бруцеллезді (сарып) емдеу жолдары

Бруцеллезді (сарып) емдеу жолдары

Фото
qarmaqshy-tany.kz Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін, клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру. Бруцеллез микробы ауру адамнан сау адамға жыныстық қатынас арқылы жұғуы да мүмкін. Аурудың алғашқы белгілері сезілгенше үш жеті өтеді. Кейде науқас, температурасының 38,5-39,0 градусқа дейін көтерілгенін де сезбей қалуы мүмкін. Бруцеллез науқастың қызуы бірде көтеріліп, бірде төмендеп отырады. Қызуы түскенде адам өзін айыққандай сезеді, тамақ ішкісі келіп, көңілі серігеді. Бруцеллез қозғанда науқастың ұйқысы қашады, түнде ағып терлейді, кейінірек буындары іседі, шет.нервтері қабынады, төсектартып жатып та қалады. Бруцеллез еркектің тұқым безін ісіндіреді, әйелдің етеккірін бұзады, бала тастатады.
Емдеу тәртібі. Адамды дәрігерге апарғанша тынықтыру керек. Ауырған, домбыққан буындарға дене сүйсінгендей етіп грелка басылғаны жөн. Соңғы кезде бруцеллезді емдейтін әсерлі дәрілер шықты, олардың нәтижелері жаман болмай жүр. Бірақ, бруцеллезді қандай әдіспен емдеу керек екенін дәрігер ғана шешеді. Айталық, бруцеллез созылмалы болса, сүйек-буынға шапса ауруханада, курортта емдеуге тура келеді.
Бруцеллезді адамға жұқтыратын ауырған мал және малдың өнімдері мен қи-тезек тағы басқалары екенін жоғарыда айттық. Сондықтан да бұл ауру әсіресе малшылар арасында жиі кездеседі. Әрине, бұдан қала халқы бруцеллезбен ауырмайды деген ұғым тумайды. Олар да ауырады. Демек, бұл аурудан сақтану жолдарын білу ауылды жерде болсын, қалада болсын әр бір азаматтың тәлісі деп білеміз.
Бруцеллезден алдын ала сақтану үшін: бруцеллезбен ауырған малды саумалдан бөлек бағу; ауырған мал тұрған қора-қопсыларды, олардың төңіректерін, ондағы құрал-саймандарды тиісті дәрілермен дезинфекциялау; малдағыларды тексергенде бруцеллезбен аурулы адам кездессе, жедел емдету кереқ; бруцеллез мал сатылмайды; төл алушылар, іштастаған малды күтушілер және құсхана, ферма қызметкерлері, жүн жуғыш, тері-терсек жұмысшылары және т.б. жұмыс кезінде арнаулы киім (халат) киюі тиіс; жұмыс орнында құман, сабын, орамал, дезинфекциялық дәрілер даяр тұрсын; бруцеллез малдың сүтін пастеризациядан (70 градусқадейін 30 минут қыздырмайынша) өтпейінше ішуге немесе сатуға болмайды; бруцеллезбен ауырған төлді тұрғын үйде ұстамау керек.
Сарып (бруцеллез) ауруы адамдардың сарып (бруцеллез) ауруымен сырқаттануы көктем, жаз айларында күрт өседі. Бұл малдың төлдейтін кезеңіне байланысты.
Мал, үй хайуанаттары да (ит, мысық) бруцеллез ауруын таратады.Жедел,жеделдеу,біріншілік-созылмалы бруцеллезбен ауратын науқастар субкомпенсация және декомпенсация сатыларында ауруханада емделеді.Этиотропты ем.антибактериалды препараттарды қолдану бруцеллездің комплексті емінде маңызды орын алады. Антибиотиктердің аурудың бактериемия кезеңінде және метастазды ошақтар пайда болған кезеңінде терапевтік әсері жоғары болу керек. Әсіресе антибиотиктердің жасушалардың ішіне ену қасиеті жоғары болуы керек, себебі аурудың жиі кездесетін созылмалы түрлерінде қоздырғыш грануламалардың ішінде орналасады.
Г.А.Амантаева,
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысыбойынша филиалының
Қармақшы аудандық бөлімшесінің бактериологиялық жәнепаразитологиялық
зерттеулер зертханасының зертханашысы

29 тамыз 2023 ж. 750 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031