Бруцеллез деген не және ол несімен қауіпті?
qarmaqshy-tany.kz Бруцеллез – бұл полиорганды патологиялармен және хронизациялау қабілеттілігімен сипатталатын зоонозды инфекция. Бруцеллездің маңызды патогенетикалық құрамдаушысы аллергиялық реактивтілік болып табылады. Бруцеллездың қоздырушылары Brucella тұқымдасындағы бактерияларға жатады. Олардың арасында жеке сегіз түрінің тіршілік етуі тіркелген. Соның ішінде B.melitensis, В.abortus, B.suis, B.canis, B.pinnipediae, B.cetaceae атты алты түрі адамдардың арасында ауру тудыруға қабілетті.
Бруцеллез ауруының тарихына шолу жасайтын болсақ, бруцеллезді алғаш рет Гиппократ пен римдіктер 2000 жыл бұрын сипаттаған деп есептеледі. 1887 жылы доктор Дэвид Брюс Мальта аралында тұратын пациенттерден организмдерді бөліп алды (демек Мальта безгегі). Ақырында бұл ауруға доктор Брюс есімі берілді (бруцеллез). Ауру бүкіл әлемде табылды және жоғары қауіпті аймақтарға Жерорта теңізі елдері, Оңтүстік және Орталық Америка, Шығыс Еуропа, Африка, Азия, Таяу Шығыс және Кариб теңізі жатады.
Жоғары патогенді штаммдар Бруцелла олар биологиялық қару ретінде пайдаланылды. Себебі организмдерді аэрозолизациялауға болады, содан кейін олар оңай демалады. Бруцеллалардың жиі кездесетін түрлерінің арасында B.melitensis ең вирулентті болып табылады аурудың ауыр және жіті түрлерін тудырады. B.suis түрі іріңді деструктивті зақымданулармен бірге аурудың созылуына әкеледі. B.abortus пен B.canis, әдетте асқынулары сирек болатын жеңіл немесе орташа түрдегі спорадиялық аурулар тудырады.
Инфекция негізінен нәжіс, ауыз арқылы, жиі жағдайда тағам және су арқылы беріледі, кейбір жағдайларда тұрмыстық қарым-қатынастық жол (қоздырғыш терідегі кішкентай жарақаттар және сілемейлі қабықшалар арқылы енген кезде) және аэрогенді жол арқылы (инфекция бар шаң-тозаңды жұту кезінде) берілуі мүмкін.
Ауру жануарлардан алынатын сүт және сүт өнімдері (брынза, қымыз, ірімшіктер), ет, жануардың шикізатынан (жүннен, теріден) жасалатын өнімдер эпидемиологиялық жағынан қауіпті. Жануарлар нәжістерімен топырақты, суды, жемді ластайды. Бұл да адамның тағамдық емес жол арқылы жұқтырылуына әкелуі мүмкін. Тұрмыстық қарым-қатынастық және ауалық-тозаңдық жолдар жануарларды күтіп-қарау және жануардың шикізатынан (жүні, терісі) жасалатын өнімдерді өңдеген кезде орын алады.
Адамдар арасындағы бруцеллез симптомдары бруцеллездың инкубациялық кезеңі жеті күннен бастап сегіз аптаға дейін, жиі жағдайда екі аптаға дейін созылады. Адамдар арасындағы ауру симптомдары әдетте, біртіндеп пайда болады және ерекше сипаттарға ие болмайды. Алайда науқастардан мынадай төрт шағымды жиі естуге болады. Олардың алғашқысы – буынның ұстамалы ауыруы, әсіресе аяқтың өте қатты ауыруы.
Екіншісі – дене температурасының ұзақ субфебрилитет түрінде (38°C-қа дейін) немесе күрт жоғарылап және күрт төмендеп, толқынды түрде көтерілуі. Үшіншісі – қатты терлеу, кей кезде түнде терлеу.
Төртінші – астенияның күрт пайда болуы және шаршау.
Кейбір науқастарда ұзақ субфебрилитет байқалады. Қызба айлар бойы созылады, науқастар жоғары температура кезінде де естерін сақтайды, бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. Бруцеллез жүйке, жыныс және тірек-қимыл аппаратын жиі зақымдайды.
Сонымен қатар, артриттер (жамбас буыны, сегізкөз-мықын және басқа ірі буындар артриттері), периартериттер, бурситтер, тендовагиниттер, спондилиттер, невралгиялар, невриттер (құйымшақ жүйкесінің невриті), сирек жағдайда менингиттер, энцефалиттер және тағы басқасы байқалады. Ер адамдарда орхиттер, эпидидимиттер пайда болады, ал әйел адамдарда дисменорреялар, оофориттер, сальпингиттер байқалады, тіпті түсік тастау орын алады.
Халыққа берілетін ұсынымдар: мал шаруашылығы өнімдерін арнайы сату орындарынан (базарлардан, дүкендерден, минимаркеттерден және т.б.) сатып алу; жеке адамдардан термиялық өңдеусіз сатып алынған шикі сүтті және сүт-қышқыл өнімдерін пайдаланбау; ет дайындаған кезде оны кішкентай кесектерге турау керек, толық термиялық өңдеуден өткізген дұрыс. Жұмысы бруцеллезді жұқтыру қауіп-қатерімен байланысты адамдар қосымша берілетін ұсынымдар:
профилактикалық медициналық тексеруден өту; жеке қорғаныш құралдарын (халат пен комбинезон, резеңке немесе тері етік, резеңке немесе брезент қолғаптар, бас киім немесе орамал, жеңқап, клеенкалы алжапқыштар) қолдану. Көрсетілген ұсынымдарды сақтау бруцеллезды жұқтыруды болдырмайды.
Жансая ӘЛМЕНБЕТОВА,
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚРМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және
паразитологиялық зертханасының зертхана маманы