» » 750 млн адам оқи да, жаза да алмайды

750 млн адам оқи да, жаза да алмайды

Әлемде 750 млн адам оқи да, жаза да алмайды
Соңғы 50 жылда қол жеткізілген өркениеттегі жетістіктерге қарамастан, Жер шары тұрғындарының сауатсыздық деңгейі төмен күйінде қалып отыр, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
ЮНЕСКО-ның берген мәліметтеріне қарағанда, әлемде 750 миллион адам не оқуды, не жазуды білмейді. Соның үштен екісі - әйелдер.
Сауат ашпаған адамдардың 45 пайызы Оңтүстік Азияда өмір сүреді. 27 пайызы «Қара Африка» (Сахара шөлінен оңтүстікке қарай), 10 пайызы Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, 9 пайызы Солтүстік Африка және Батыс Азия, төрт пайызы Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің үлесінде.
ЮНЕСКО Статистика институтының мәліметінше, соңғы кездері сауаттылық деңгейінің ең жоғары өсімі Шығыс және Оңтүстік Азия, Солтүстік және Батыс Африка елдерінде байқалған.
Атап айтқанда, Оңтүстік Азия тұрғындарының сауаттылық деңгейі 1990-2016 жылдар аралығында 46 пайыздан 72 пайызға дейін, Солтүстік Африка мен Батыс Азияда 64 пайыздан 81 пайызға дейін көтерілген.
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда бұл көрсеткіш бұрынғы 82 пайыздың орнына 96 пайызға жетіп отыр, ал Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан елдерінде 52 пайыздан 65 пайызға дейін өскен.
Сонымен қатар сарапшылар ерлерге қарағанда әйелдер арасында сауатсыздық деңгейінің жоғары екендігін атап көрсетеді. Соңғы деректер бойынша, сауатсыздардың 59 пайызы - әйелдер.
inform.kz




07 қыркүйек 2018 ж. 1 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031