Сингапурде Қазақстанның транзиттік әлеуеті таныстырылды
Бизнес-форумға 500-ге жуық сингапурлік компания өкілі және Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропаның 6 елшісі қатысқан.
Қазақстан елшісі Үсен Сүлеймен Қытайдың ,«Бір белдеу, бір жол» бастамасының құрлықтағы бөлігін жүзеге асыруда Қазақ елі мен Орталық Азия аймағы шешуші орында болса, осы жобаның теңіз бөлігінде Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің маңызы зор екенін атап өтті. Үсен Сүлейменнің айтуынша, бұрын Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ирандық Бендер-Аббас айлағынан басқа Орталық Азияға тауар экспорттаудың басқа жолы болмаған. Ал «Хоргос» логистикалық хабы мен Лянь-юньган жүк терминалының пайда болуы сауданы қыздыруға және жаңа бағыттарды белсенді түрде қолдануға мүмкіндік ашты. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығына мүше мемлекеттердің экономикасы әлемде алтыншы орында тұр. Осы ұйымның жалпы ішкі өнімі 2 триллион төрт жүз миллиард долларға жетеді.
Үсен Сүлеймен, Сингапурдегі ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі:
- Сингапур төрағалық еткен топ қарастыратын тақырыптардың бірі «Бір белдеу, бір жол» бастамасына АСЕАН-ға мүше елдердің қатысуы және Қытаймен ынтымақтасуы болып тұр. Бұған «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан да кіріп отыр. Елімізді логистикалық және құрлықаралық хабқа айналдырудың бес бағыты белгіленді. Бұл Беларусь пен Ресей арқылы және Каспий теңізімен Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау және солтүстік пен оңтүстік бағыттар.
Хо Гёк Чу, Human Capital Singapore басқарма төрайымы:
- «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру аясында Қазақстанның әлеуеті мен мүмкіндіктері бізді жігерлендіріп отыр. Қазақстаннан Ляньюньган теңіз айлағына жүк не бары 5 күнде, ал одан әрі теңізбен Сингапурге дейін 12 күнде жеткізіледі. Бұл өз кезегінде АСЕАН-ға мүше елдердің компаниялары үшін Қазақстан және Орталық Азия нарықтарына кіруге мол мүмкіндіктер ашады.