» » » «Қазақфильм» Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер федерациясына мүше атанды

«Қазақфильм» Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер федерациясына мүше атанды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ТМД елдері ішінен алғаш болып Азия-Тынық мұхит аймағындағы киноөндірушілер федерациясының мүшесі атанды.
Киностудияның федерация құрамына кіретіні туралы шешім басқарма мүшелерінің Бейжіңде өткен «Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің кино саласындағы бірлескен ынтымақтастығы – 2018» атты X съездінде айтылды.
Азия-Тынық мұхит аймағы киноөндірушілер федерациясын 1954 жылы Гонконгтың танымал кинематографисі, меценаты, медиамагнаты, Қытай киноөндірісінің бастауында тұрған Шау Ифу құрған.
Федерация құрамына кинематографиясы дамыған, әлем мойындаған Жапония, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Кореймен қатар киноөнері қарқынды түрде дамып келе жатқан Австралия, Жаңа Зеландия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам, Индонезия, Сингапур, Филиппин, Иран, Пәкістан және басқа елдер де енген. Барлығы 24 мемлекет.
Айта кетелік, халықаралық ынтымақтастық бағытында киностудия бірнеше жобаларды да қолға алған. 2017 жылы «Қазақфильм» үндістандық кинематографистермен бірлескен жобаны іске асырған болатын. «Қазақфильмнің» қатысуымен еліміздің көрікті жерлері көрініс тапқан режиссер Сачиндра Шарманың Love you family атты туындысы алғаш рет тек қазақ тіліне тәржімаланып, «Туған үйім тірегім» атты атаумен отандық кинопрокатқа жіберілді.
15 ақпан 2018 ж. 1 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930