» » Қазақстан мен БҰҰ келісімі қаралды

Қазақстан мен БҰҰ келісімі қаралды

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Солтүстік және Орталық Азия үшін, Субөңірлік бөлімшеге арналған әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Келісім Алматы қаласында 2013 жылғы қарашада ресми түрде ашылған Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшенің жұмысын қам­тамасыз етуге жәрдемдеседі. Осы келісім транзиттік сауда, су және энергетика салаларындағы біріккен жобалар бойынша Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен ықпалдастығын нығайта түседі. Сондай-ақ Қазақстан тарапына бөлімшенің жұмысына және кейбір бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін ерікті жарна бойынша бөлімшеден жыл сайын есеп алуға мүмкіндік береді.
Заң жобасы Сенаттың жалпы отырысында қарауға жіберілді.
31 қаңтар 2018 ж. 1 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930