» » COVID-19: Әлемнің бірнеше елінде антирекорд тіркелді

COVID-19: Әлемнің бірнеше елінде антирекорд тіркелді

Өткен аптада әлемде 21 миллионнан астам адам коронавирустық инфекциясын жұқтырды, бұл пандемия кезіндегі ең жоғары көрсеткіш. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәрсенбіге қараған түні Женевада өткен жеті күнмен салыстырғанда инфекция жағдайларының саны 5%-ға, ал өлім-жітім 1%-ға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.


ДДҰ-ның апта сайынғы бюллетенінде көрсетілгендей, 17-23 қаңтар аралығында коронавирус жұқтыру жағдайлары бес пайызға өсті. Жеті күнде 49 890 өлім тіркелді, бұл бір апта бұрынғы көрсеткішке қарағанда  1%-ға көп.
Алдыңғы аптамен салыстырғанда (10-16 қаңтар) жұқтырғандар санының өсуі Шығыс Жерорта теңізінде - 39%, Оңтүстік-Шығыс Азияда (36%) және Еуропада - 13% тіркелді, ал Африка мен Америкада ауру сәйкесінше 31% және 10% төмендеді. Еуропада бір апта ішінде жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты және әлемдегі барлық жаңа инфекциялардың 47% құрайды. Өлім әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда - 44% және Шығыс Жерорта теңізінде - 15% өсті. Сонымен бірге Африкада, Батыс Тынық мұхиты аймағында және Еуропада ол сәйкесінше 14%, 12% және 5% төмендеді.
Бір апта ішінде вирус жұқтырғандардың ең көп саны туралы АҚШ хабарлады (4 215 852). Одан кейін Франция (2 443 821), Үндістан (2 115 100), Италия (1 231 741) және Бразилия (824 279). ДДҰ мәліметтеріне сәйкес, 25 қаңтардағы жағдай бойынша, пандемия басталғаннан бері әлемде 5 600 434 адам қайтыс болған. Өткен тәулікте 2 158 785 жұқтыру жағдайы және 6 189 өлім туралы хабарламалар келіп түсті.




26 қаңтар 2022 ж. 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 222

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 328

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930