» » Сарып ауруы сарсаңға салмасын

Сарып ауруы сарсаңға салмасын

qarmaqshy-tany.kz Қазіргі таңда сарып (бруцеллез) ауруы кең таралған, ауыл шаруашылығы жануарларынан жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Сарып ауруымен сырқаттану көктем-жаз айларында күрт өседі. Бұл малдың төлдейтін кезеңіне байланысты. Ауру қоздырғышы 4 түрге бөлінеді. Қой-ешкі, мүйізді ірі қара, шошқа, ит. Соңғы кездері ең көп тарағаны ешкі-қой қоздырғышы. Аталған дерт адамға ауру малды төлдету кезінде, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу, сондай-ақ ет-сүт өнімдерін дайындау кезінде жұғады. Ол адамға қайнамаған сүт, қаймақ арқылы да жұға алады. Осы жұғу жолдарының ішіндегі ең қауіптісі – мал төлдету кезінде малдың шуы, қағанақ суы арқылы жұғуы.

Аурудың алдын алу үшін ең бастысы індеттен зардапты елді мекендерге шектеу сала отырып сауықтыру, анықталған ауру малдарды ветеринариялықсанитариялық ережелерге сәйкес сойып, қайта өңдеуден өткізу, ауру малдар тұрған қора-жайларды механикалық тазартудан өткізіп, залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстарын жүргізу. Бруцеллезбен ауырған мал емделмейді, бруцеллезге шалдыққан мал тез арада оқшауланып, олардың тұқымдық сапасына қарамай сойылуы тиіс. Сонымен қатар жеке бас қауіпсіздігі үшін сапалы өңдеуден өткен ет, сүт өнімдерін тұтынған жөн. Ауладағы малдың түсік тастау, өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлап отырған абзал.
Қуаныш ӘБІЛБАЕВ,
аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы
19 қазан 2023 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031