» » Күрке тауық синуситі

Күрке тауық синуситі

Қазіргі таңда күрке тауықтың синусит ауруы көп кездесетін құсшылар қауымына белгілі ауру. Күрке тауықты аурудан емдеудің тиімді болуы үшін аталған аурудың белгілерін ажырата білу маңызды. Дер кезінде ауруды белгілеріне қарай ажырата білу мен емдеу ол құс басын толық сақтауға мүмкіндік береді. Тыныс алу жолдарының ауруы болғандықтан аурудың жіті және созылмалы түрлері кездеседі. Құстың тәбеті төмендеп, әлсіздік салдарынан қоңдылығы азаяды. Жұғу жолдарына келсек қоздырғышы ауру құстар немесе жұмыртқаларымен таралады. Сонымен қатар ауа мен тыныс алу ағзаларынан бөлінген сұйықтықтары арқылы жұғады. Кей жағдайда қолданылған ыдыстары мен құрал саймандары арқылы жұғу деректер бар. Аурудың инкубациялық кезеңі (жасырын кезеңі) 1-2 апта. Созылмалы түрінде тыныс алу ағзаларынан сұйықтықтар бөлінеді, шиқылдаған дауыс шығарады, ісіктер пайда болады, тыныс алуы нашарлайды. Аталған белгілер әсерінен құстың өсу процессі төмендейді. Ауру құстардың жұмыртқаларын жеуге болмайды, өйткені олар ауру жұқтырған болып табылады. Жас күрке тауықтар ауырған жағдайда көбінесе өлім жітімге ұшырайды.
Құрамында тетрациклин тобына жататын антибиотиктерді қолдану мен хирургиялық көмек жолы арқылы біраз құсты аман алып қалуға болады.
Антибиотиктер: тетрациклин;
фуразолидон;
тетрамицин;
тифозин;
эритромицин;
Көбінесе тилозин қолданады, бірақ бір салғаннан кейін әсері болмаса арасына отыз күн салу керек екендігін көптеген құс өсірушілер біле бермейді.
Бүгінгі таңда аталған аурудың алдын алу үшін вакцина жоқ. Сондықтан аурумен күресу үшін құстар мен қора жайларды дезинфекциялау, ауырған құстарды бөлек ұстап, жүйелі ем шараларына жүгінген абзал.
Р.Сүлейменов,
Қармақшы аудандық ветеринариялық
станциясы КМК директорының орынбасары
05 қазан 2022 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728