» » Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу. АИТВ/ЖИТС

Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу. АИТВ/ЖИТС

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Қармақшы аудандық психо-әлеуметтік кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен орталық аурухана мейірбикелерінің арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары, жол картасы аясында "Жыныстық жолмен жұғатын аурулар" тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар барасында АИТВ/ЖИТС инфекциясының республикадағы, облыстағы, аудандағы індеттік ахуал барысы, сақтану, алдын алу шаралары түсіндірілді. Жыныстық жолмен таралатын аурулар саны қазіргі таңда көбейіп барады. Дүниежүзі бойынша осындай жұқпалы аурулардың 25 түрі бар болса, соның елімізге еңбегені жоқ екен. Оның ішінде әсіресе мерез (сифилис), АИТВ (ВИЧ), соз, герпес, хламидоз, трихомониаз, кандиломалар көп кездеседі. Толық ем қабылдамаған жағдайда артына айықпас із қалдырып кетеді. Оның ішінде белсіздік, импотенция, обыр (рак) ауруларына әкелуі мүмкін. Дәрігерлер жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтырмау үшін кездейсоқ жыныстық қатынастардан аулақ болу, мүшеқап қолдану, тері қабатын зақымдайтын ортақ құралдарды қолданбау керек деп кеңес береді. Сонымен қатар ақпараттық танымдық материалдар таратылып, сұрақтарға жауап берілді.
08 сәуір 2019 ж. 2 034 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031