» » Әрбір алтыншы қазақстандық АИТВ туралы жақсы біледі

Әрбір алтыншы қазақстандық АИТВ туралы жақсы біледі

Қазақстанда соңғы он жылда АИТВ инфекциясына тестілеумен қамту екі жарым есеге артып отыр. Егер 2006 жылы тесті 1,2 миллион қазақстандық тапсырса, 2017 жылғы қорытындылар бойынша ол көрсеткіш 2,9 миллионды құрады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
– АИТВ-инфекциясы шоғырланған және таралатын тұрғындардың топтары арасындағы тестілеумен қамту жыл сайын артып келеді. Олар – инъекциялық есірткі тұтынушы адамдар, жезөкшелер, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер. Өңірлік ЖИТС орталықтарының зертханалары сапалы, сенімді тестілеуді жүргізуі үшін ең жаңа, заманауи құрылғылармен жабдықталған, – дейді ЖИТС РО бас директоры Бауыржан Байсеркин.
Халықтың осал топтарының тестілеуден өтуге қолжетімділігін кеңейту мақсатында халықаралық ұсынымдарға сәйкес ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының бастамасы бойынша АИТВ инфекциясына жедел-тестілеуді үкіметтік емес ұйымдарда енгізіле бастады.
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін АИТВ инфекциясына тестілеуден өту өңірлік ЖИТС орталықтарында ерікті және тегін түрде жүргізіледі. Заңнамалық актілерге сәйкес жүкті әйелдер, донорлар, сотталғандар міндетті тәртіпте тестілеуден өтеді. Жүкті әйелдер АИТВ-инфекциясына екі рет тексеріледі: әйелдер консультациясына есепке тұрған кезде және жүктіліктің 28-30 апталық мерзімі болған кезде. Бұл барлық шаралар АИТВ-инфекциясын уақытылы анықтауға, консультация жүргізуді және қажеттілігі бойынша антиретровирустық препараттармен (АРТ) емдеуді қоса алғанда алдын алу шараларының кешенін іске асыруға мүмкіндік береді.
Мұндай іс-шараларды орындаудың нәтижесінде ЖИТС қызметінің бірқатар маңызды көрсеткіштері жақсарды, олардың ішінде  ЖИТС-тен болатын өлім-жітімнің азаюы, АИТВ жұқтырған аналардан туылған дені сау балалардың санының 99 пайызға дейін артуы, сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды АРВ-препараттармен емдеуді қамтудың артуы. Осыған байланысты, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасы да артып келеді, ол жағдай еңбек ұжымдарында табысты жұмыс істеуге және өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді.
21 қаңтар 2018 ж. 1 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930