» » Тәспі тартып жүрсіз бе?

Тәспі тартып жүрсіз бе?


Бұрындары тәспіні кім көрінгеннің қолынан байқай бермейтінбіз. Тек бес уақыты түгел ата-әжеміздің, мешіт имамдарынан көретінбіз. Қазір қалай? Намазы жоқ дәретсіздің қолында жүр, кәде сыйда жүр, баланың қолында ойыншық болса, кез келген ашық орында саудада тұр. Тіпті кейбіреулердің өзінің дін жолында жүргенін, мұсылман екенін көрсетіп көзге түсу үшін тәспіні тастамайтынын да байқайсыз. Мұндай жеңіл мақсатпен оны пайдалану дұрыс емес. Осыдан кейін тәспінің қасиетін кім бағаласын?
Асыл дінімізде күнделікті бес парыз намаздан кейін тәспі тарту – сүннет амал болып қалыптасқан. Ислам ғұламаларының айтуынша, 99 рет Жаратқанға мадақ айтып, оны ұлықтау – адамның иманын арттырып, рухын нұрландырады деген. Жүрек тазарып, адам тіл көзден ада жүретін болған. Тәспідегі 99 саны Алланың 99 көркем есімдерімен тығыз байланысты. Қазіргі күні оның 33, 99 тастан құралғаны кең таралған. Тәспідегі әр 33 тастың қосылған жерінде өзгеше пішінде бір тас болса, оны – қожасы деп атайды. Ал моншақ тастардың біріккен жеріндегі әшекейлі шашақты үлкен тас ол – тәспінің «Бісмилләсі». Исламда егер қолыңда тәспі болмаған жағдайда он саусақтың буындарын санауға рұқсат еткен.
Тәспінің пайдасымен қасиетіне үңілсек тым тереңде. Мысалы, жолыңыз ашылмай, жоспарыңыз кері айналып, ашуға бой алдырсаңыз «Субханаллаһ» деп тәспі айналдырған жөн. Міне осыдан кейін мінезіңіз сабырлы, жайдарлы болады. Оны қолға ұстап, аударғанда алдымен саусақтар қимылдайды. Ал саусағы қимылдаған адамның миы тынығып, ойы тазарады. Яғни, бірінші 33 моншақ тізбесін тартқанда «Субханаллаһ» деп, екінші 33 тартқанда «Әлхамдулиллаһ», ал үшінші 33-те «Аллаһу әкбар» деп саусақпен жылжытқанда адамның жүрегі тазарады. Әсіресе жүрек қантамыр ауруына шалдыққан адамға тәспі аударудың пайдасы зор. Мәселен бас бармақ қозғалғанда мидың жұмыс істеуі жақсарады. Сұқ саусақтың қимылдағаны іш ауруды басады. Ортаншы саусақтың қозғалысы асқазан, ішекке пайдалы болса, төртінші саусақ бауырдың жұмыс істеуіне көмектеседі. Ал кіші саусақтың қимылы жүректің қалыпты соғуына бірден-бір жаттығу. Қатты сырқаттанып, мазасызданғанда тәспіні екі қолға алып кезек-кезек тартсаңыз көңіл-күйіңіздің орнына келері анық. Имамдар егер адам үлкен кісі немесе басшы алдына кірерде қатты қобалжыса, тәспі тартуға кеңес береді. Себебі, оны аударғанда адамның ойы жинақталып, орынды сөйлеуге ықпал етеді дейді. Тіпті тәспі көз тиюден де сақтайды. Адам бойында ерекше қасиет болса, оған назар аударып отырған жанның көзі қолындағы тәспісіне түседі дейді-мыс.
Ұлық Пайғамбардың өзі тәспіні қадір тұтып, оны оң қолымен тартқан. Міне осыдан кейін оны аяқ асты етіп, оған бей-жай қарау тіпті негізсіз. Ал сіз тәспі тартып жүрсіз бе?

Ерсін СӘДУҰЛЫ
14 қараша 2020 ж. 1 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031