» » » Азан шақырып ат қойып жүрсіз бе?

Азан шақырып ат қойып жүрсіз бе?

Бала тоғыз ай, тоғыз күннен кейін шыр етіп дүниеге келгенде оған ат қою ең басты міндет. Ал есім беру рәсіміне келсек, оның да өзіндік дәстүрі мен салт-жоралғысы бар. «Кемеңе қалай ат қойсаң, ол солай жүзеді», – деген. Бұл сөз тегін айтылмаса керек. Көп адам баланың есімі оның тағдырына ықпал етеді деп сенеді. Жалпы балаға есім берудің бірнеше түрі бар. Біріншісі – азан шақырып ат қою, екіншісі – үлкен кісіге қойғызу, яғни жасы үлкен абыройлы атасына жол беру. Үшіншісі – ырымдап есімін сайлау. Соның ішінде мұсылмандыққа жол бастап, иманды тәрбие беретін дәстүр – балаға азан шақырып ат қою.
 
Азан шақырып, ат қою – Пайғам­барымыздан қалған өсиет, сүннет амал.
Ислам дініндегі ерекше маңызды істердің бірі – жаңа туған балаға азан шақырып ат қою. Баланың құлағына азан шақырудың мәні жайлы көп айтылып та жазылып жүр. Нәресте дүниеге келгенде ата-ананың оған жасайтын ең алғашқы сыйы – жақсы ат қою. Бірақ кейде балаларына Саммит, Азияда деген секілді қоғам өмірімен байланыс­тыра атын қоятындар немесе шетелдік кино кейіпкерінің есімін беретіндер кездесіп жатады. Олар мұсылмандықтың кейбір ақиқатына тиісті мән бермеген болса керек. Ардақты Пайғамбарымыз бір хадисінде: Негізінде сендер қиямет күні өз аттарыңмен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар. Сондықтан есімде дұрыс­тап қойыңдар деген. Азан шақырып ат қоюдың шарты қандай? Бұл жөнінде әрбір мұсылман адамының білуі міндетті.
Нәрестеге есімді азанды білген кез келген мұсылман баласы қоя алады. Міндетті түрде мешіт имамының немесе молданың азан шақыруы шарт емес. Егер де жас кезінде балаға қандай бір жағдайлармен азан шақырылмаса, есейген кезінде шақыруға рұқсат етілген. Ал енді азан шақырып ат қоюдың тәртібіне келер болсақ, мұсылман адамы құбылаға жүзін қаратып сәбидің оң құлағына азан шақырып, үш рет атын айтады. Кейін екінші сол құлағына қамат түсіріп, тағы да есімін үш мәрте қайталайды. Бұл сәбиге жасалған алғашқы иман қадамы. Мұнымен қоса азан сөздерін құлағына естірту арқылы дүние есігін жаңа ашқан сәбиге: «Жаратқанның құлы, Мұхаммедтің үмбетісің. Әлмисақтан мұсылман болғандықтан өскенде Құдайға құлдық ұрып, намаз оқы. Мұсылман екеніңді ұмытпа» деп тұрғандай.
Кейінгі уақытта елімізде ат қою әдебінде ерсілік байқалып жүргенін естіп те көріп жүрміз. Расымен шетелге еліктедік пе? Бүгінде ата-бабамыздың салып кеткен дәс­түрінен біршама алыс қалғандаймыз. Ойымызға не келсе соны балаға есім етіп беруді сәнге айналдырдық. Ал оның болашағына алаңдап жатқан ата-ана жоқ. Бір жылдары елімізде өткен үлкен шараларды арқау етіп, Азияда мен Самитбекті көбейттік. Тіпті мағынасына да қарағанымыз жоқ. Ертең о дүниеде осы есімдердің сұрауы бар екенін бір сәт ойладық па?
Пайғамбарымыз кей есімдердің шариғат тұрғысынан да, тілдік тұрғыдан да Құдайға қарсы келетін жағын айтып, оны қоюдан тыйым салған. Өйткені қара күш пен дінсіз кәпірдің есімдерімен мағыналас болып кететінін жеткізген. Ендеше балаға ат қоярда шариғат жағын ескеріп, мұсылманша азан шақырғаныңыз абзал.     
Ерсін СӘДУҰЛЫ 
23 шілде 2019 ж. 4 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031