» » Есімнің тағдырға әсері бар

Есімнің тағдырға әсері бар


Кішкентай бала көрсек «атың кім?» деп сұраймыз. Бұл сұраққа ес білген кез келген бала жауап бере алады. Тіпті кімнің баласы екенін де айтып береді. Есімі жеңіл болса нық айтып, ұзақтау есім болса тілі келмей, болмаса қысқартып жатады. Әдемі есім болса сүйсіне қызығып, ал бұрын-соңды естімеген есім айтса таңырқай «атыңды кім қойған?» деп сұраймыз. Ал бүгінгі ұрпақ сол қойылған есімінің мағынасын тағдырға байланысты екенін білер ме екен? 
Бала ананың құрсағында жатып, тоғыз ай тоғыз күн уақыты жақындағанда оның есімін қоюды ойластыра бастаймыз. Ұл туса ерге лайықты ат қойып, ал қыз болса нәзік  есімдер береміз. Мәселен, азан шақырып ат қояр кезде кішкене сәби болашақта сыйлы, құрметті, иманды үлкен азамат болсын деген ниетпен ырым етіп, ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға немесе молдаға қолқа салған. Ағайын-туысқан жиналып, ат қоятын адам сәбиді қолына алып, құбылаға қарап азан шақырып, баланың оң құлағына, сосын сол құлағына «сенің атың пәленше» деп есімін үш рет қайталаған. Бұл — баланың есінде қалсын, құлағына сіңсін деген ниетпен жасалған қазақ халқының ат қоюдағы мұсылмандық жоралғының бірі. Баланың есімі оның өмірлік жолдасы болғандықтан, ат қойғанда мағынасына жоғары мән беріп, көркем, жақсы есімдерді таңдаған. Осы тұста айта кететін бір жайт, жаратқанның тоқсан тоғыз есімі бар. Оның қай-қайсы да ең жақсы есімдердің қатарына жатады. Бірақ бұл көркем есімдерді сол күйінде балаға есім етіп бермеген. Алдына арабша «абдун» немесе «абдул» деген қосымшасын жалғау арқылы Абдулрашид, Абдусаттар деп қойған.
Қазақ халқы балаға ат қоярда ырымдарға көп сенген. Мәселен, бір үйде қыз бала дүниеге көп келсе артынан ұл бала келсін деген ниетпен Ұлбосын, Ұлжан, Ұлтуған, Тойған, Жаңыл деген есімдер қойған. Ал көптен бері перзент сүймеген отбасында бала болса Қуаныш, Сағыныш деген есімдер берілген. Бала тоқтамаған шаңырақта бала өмірге келсе Төлеген, Тоқтасын, Тұрсын, Жаман, Итбай деген ат қойып, тіпті төрт кемпір бір шалдың пұтынан өткізетін болған.
Елімізде соңғы жылдары ат қою әдебінде ерсіліктер байқалып жатқаны жасырын ем­ес. Бүгінгі қазақ, баласына ат қоюды ұмы­тып қалған ба бұл дәстүрден адасып қалғандаймыз. Елімізде өтіп жатқан мәдени саяси шараларға байланысты түрлі есім қою көбеюде. Бір жылдары елімізде болған қысқы азия ойындары мен дүркіреп өткен саммитке байланысты бала есімін Азияда, Саммит, Саммитхан, Саммита, Нұрсаммит, Олимпияда деп қойып, елге тосыннан жаңалық енгізді. Қазекемнің не көрсе соған еліктейтін әдеті емес пе? Бүгінде оғанда құлағымыз үйреніп кетті. Пайғамбарымыз адамдарды әдемі есіммен атауға бұйырып, адамды күлкі, келеке ететін сөздер мен жан-жануар, хайуандардың атымен атауға тыйым салды.  
Жаңа туған нәрестеге есім беру — ел дәстүрі. Өйткені адамның есімі ертеңіне әсер етуі әбден мүмкін. Халқымызда «Баланың атын Ұлық қой, көтере алса Ұлық болсын» деген аталы сөз бар. Ендеше балаға есім берерде үлкен жауапкершілікті сезінгеніміз жөн.
ЕрсінСәдуұлы,
                       «Қармақшытаңы».


Тақырыпқа тұздық
ЕркебұланҚыпшақбаев,
жас әке:
— Тұңғышымыз қамшыгер болды. Есімін қоярда көп іздендік. Отбасымызбен дінге жақын болғасын Құраннан Жаратқанның тоқсан тоғыз есімінің ішінен сәбиіміздің атын «Ғафур» деп таңдап қойдық. Яғни мағынасы «кешірімді» дегенді білдіреді. Уақыт өте ұлым үш айлығына жақындағанда көп ауырып түнімен жылайтын болды. Дәрігерге апардық, денсаулығын тексерттік, бала сап-сау. Содан бір ой келіп ауылдағы мешіт имамына жолығып, мән-жайды түсіндірдік. Ол қойылған есімнің балаға ауыр екенін айтып, басқа ат қоюды ұсынды. Ойласа келе өскенде жомарт жанды ер азамат болсын деп есімін Жомарт қойдық. Осыдан кейін ұлым жақсы болып кетті, қазір шүкір тілалғыш, өзінен кейінгі інісіне кішкентай болса да қамқорлық көрсетіп жүреді.


Индира Жеткергенқызы,
ана:
— Мен үш баланың анасымын: Бір ұл, екі қызым бар. Есімдерін ата-әжелері қойған. Бірақ үшінші баламды өмірге әкелер алдында анам өмірден өтті. Қатты қи­налдым, күйзелісте жүрдім. Сөй­тіп жүріп қыз босандым. Нағашы әпкем мына бала сені жігер­лендірсін, күш пен рух берсін деген ниетпен қызымның есімін Рухия қойды. Осыдан кейін мен өз өзіме келдім, күйзелістің бәрін жеңдім. Балаға қойған есімнің бір шарапаты тиген шығар деп ойлаймын.

ФаризаҰзақбаева,
мұғалім:
— Баланың атын қоярда өте мұқият болу керек. Өскенде сол есімді алып жүре алатындай соған лайық болу керек. Ата-анасыда кез келген есімді қоя салмай, ағайын-туыспен ойласып, оның мән-мағынасына көңіл бөлген жөн. Қазіргі уақытта балаға неше түрлі адамның ойына келе бермейтін ыңғайсыз есімдер қойылып жатыр. Мәселен Қазақстанда ер балаға: Саммит, Нұротан, Сенат, Пионер деп қойса, қыз балаға: Періште, Василиса-Мейірім, Теңіз деген есімдер беріліпті. Бұл ұят қой, ертең бала өскенде өзін қайтіп таныстырады деп ойлады? Сол үшін болашақта балаға қысылмай жүретін, өзін кез келген ортада таныстыра алатын салиқалы есім қойғаны дұрыс. 
01 сәуір 2019 ж. 3 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031