» » Ұл өсіріп отырсаңыз...

Ұл өсіріп отырсаңыз...

Ұл өсіріп отырсаңыз...
Кейде қыздың тәрбиесі маңызды дейміз де, ұлға аса назар аудармай қоятын әдетіміз бар. Ұл бала жақсы оқымаса «ұл ғой» деген сылтаумен құтыламыз. Оған оқудан гөрі спорт маңыздырақ деп санайтындар да бар. Дегенмен, ұлдың тәрбиесі де болашақтың кепілі екенін естен шығармаған жөн. Ұл бала тәрбиесінде ескеруге тұрарлық үш кезең бар: 
Бірінші кезең – туғаннан 6 жасқа дейін: 
Олар өздеріне көңіл бөлгенді жақсы көреді. Әлемді бақылап, оларды зерттеген ұнайды. Ұшқан көбелектен бастап, жерде жатқан жансыз тастың өзіне қызығушылық танытады. Бұл кезең – ең маңызды. Өйткені, баланың ойлау жүйесі осы уақытта қалыптасады. Олардың «неге?» деген сұрағына жауап беруден қашпаңыз. Өйткені, бір рет жасалған тыйым оның ойында «сұрау дұрыс емес» дегенді қалыптастырып, іштей тынуға әкеледі. Қыз бала пысықтау болатыны анық, ал ер бала ата-ананың назарын керек етеді. Кішкентай ұлыңызбен жиі сөйлесіңіз, өйткені қарым-қатынас дағдысы ер балада баяу қалыптасады. 
Бала бақшасына үш жастан асқаннан соң берген дұрыс. Себебі, бала кезінде жақынынан 8 сағатқа қол үзу бала бойында күйзелісті тудырады. Ғалымдардың ойынша, ер баланың психологиясы күйзеліске төтеп бере алмайды. Олар аурушаң немесе ызақор болып өседі. 
Екінші кезең – 6 жастан 13-ке дейін:
« 6 жастан 13 жасқа дейін құлындай жұмса...». Бұл сөз естеріңізде шығар. Иә, баланы еңбекке баулитын шақ осы сәттен басталады. Ер адамның ақсаусақ болғаны дұрыс емес. Оның қолынан көп нәрсе келуі тиіс. Бұл кезде әкенің рөлі – маңызды. Ол ауланы жинағанда қасына бірге серік етіп, жеңіл тірлікке баланы жұмсап үйретсе, оның болашақта көп нәрсені өз еркімен жасайтыны анық. Балаға былай істе деп сөзбен үйрету дұрыс емес. Балаға көрсетіп жүріп үйрету керек. 
Бұл уақытта балаға аз көңіл бөлінсе, бала ұрлық жасап, төбелесіп ата-ананың назарын өзіне аудартудың өзге жолын іздей бастайды. Бұл кезеңде бала барлық көргенін, естігенін қағып алады. 
Үшінші кезең – 14 жастан бастап...
Бірнеше жыл бойына оны жұмсап шынықтырдыңыз. Енді онымен дос ретінде сырласыңыз. Оның жағдайын сұраңыз, болашаққа жоспарын сұраңыз. Егер дұрыс үйретсеңіз, бұл уақытта бала өзідігінен ауланы тазалап, өздігінен үй тірлігіне жауап бере бастайды. Сондықтан, бұл уақытта дауыс көтердің немесе оны сөгудің қажеті жоқ. Керісінше, өтпелі кезеңге аяқ басқан балаңызды өзіңізден алшақтатып аласыз. Оның орнына, өзіңіздің балалық шағыңызды, студент кезде басыңыздан өткерген қызықты шақтарды айтып отырыңыз. Енді оған үлкен жауапкершілік міндеті жүктелгенін сөз арасында қосып қойыңыз. Бұл баланың өзіне деген сенімін арттырады. Балаға таңдау мүмкіндігін беруді де ұмытпаңыз.
Адамның ішіндегі ең нашары – жатып ішер адам. Ер адам еңбекке құштар болуы, қолынан іс келуі тиіс. Сонымен қатар, «Тоғыз бітіріп, кетсе жетеді. Ұл балаға оқудың не керегі бар?» деген ойдан да аулақ болыңыз. Өйткені, болашақта шаңырақты ұстап қалатын – ұл бала мен оның тәрбиесі.
29 мамыр 2018 ж. 1 318 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 19:08
Cheap Sex Pills viagra online pharmacy Usa Propecia

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031